Ақтөбеде азамат әйелін шапалақпен бір тартқаны үшін сотталды

08.11.2023, 18:59
866
Ақтөбеде азамат әйелін шапалақпен бір тартқаны үшін сотталды canva.com

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін ұрған азаматқа қатысты іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, 30 қазанда зайыбымен ауызша жанжал кезінде жақтан бір тартып, сол арқылы денсаулығына еш зиян келтірместен оған физикалық ауыртпалық түсірген. Ер адам сотта өз кінәсін мойындап, өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрады. Оған соттың қаулысымен ескерту түрінде жаза қолданылды.

Сонымен қатар, жігіттің мінез-құлқына қатысты 3 ай мерзімге ерекше талаптар қойылады.

Оның ішінде:

  • атыс қаруын және басқа да қаруды сатып алу, сақтау, алып жүру және пайдалануға;
  • алкогольді ішімдіктерді тұтынуға;
  • физикалық немесе психикалық азап шегу қаупін тудыратын немесе қамтитын қасақана заңсыз әрекеттерді жасауға тыйым салынады.

Сондай-ақ ер адам профилактикалық әңгіме жүргізу үшін апта сайын полиция бөліміне баруға міндетті.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді