Аудандық бөлім басшысы жарты миллиард теңге ұрлады – сот үкім шығарды

12.11.2023, 09:20
752
Аудандық бөлім басшысы жарты миллиард теңге ұрлады – сот үкім шығарды canva.com

Sputnik Қазақстан хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы екі сыбайласымен бірге жеті жылға сотталды.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы басшысы Айдын Қазжанов мердігер компанияның директоры Юрий Цековпен бірге бюджет қаражатын ірі көлемде және бірнеше рет ұрлағаны үшін жауапқа тартылды. Техникалық бақылау инженері Жанкелді Ешмұхамедов та оларға өз қызметімен көмектескен.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2020 жылы маусым мен қараша айларында үшеуі өзара келісіп, жолды жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырған. Сол кезде атқарылған жұмыстар туралы жалған актілер жасалды. Ал барлық жұмыс артығымен көрсетілді. Атап айтқанда, «Шұқыркөл-Беспавловка» жолын жөндеуге қыруар қаржы бөлінді. Бірақ ешқандай жұмыс атқарылған жоқ.

Осылайша, бюджеттен 427 миллион теңге ұрланды.
Сотта қылмыстық топтың кінәсі дәлелденді. Куәгерлер мен мамандар бәрін растады.

Сарапшылар да өз тексерісін өткізді. Судья жазаны жеңілдететін мән-жайларды анықтады. Сотталушылардың кәмелет жасқа толмаған балалары бар. Ал жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Қазжанов, Цеков пен Ешмұхамедов кінәлі деп танылып, әрбіреуі жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үшеуі де қауіпсіздігі орташа мекемеге жіберіледі, - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, Қазжанов өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Ал Цеков пен Ешмұхамедовке қаржы және коммерциялық ұйымдарда 10 жыл бойы басшылық қызметті атқаруға тыйым салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты