Атырауда жемқорлық тәуекелдер картасына енген 8 нысан бақылауға алынды

12.11.2023, 10:27
498
Атырауда жемқорлық тәуекелдер картасына енген 8 нысан бақылауға алынды canva.com

Халық үні ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Антикордың Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Атырау облысына жасаған жұмыс сапары аясында қоғам өкілдерімен өткен кеңесте жемқорлық тәуекелдерінің картасына енген 8 нысанды бақылауға алғандығын айтты.

Олар – Қызылқоға және Махамбет аудандарындағы мәдениет үйлері, Исатай және Мақат аудандарындағы 60 пәтерлі тұрғын үйлер, Индер ауданындағы 80 пәтерлі тұрғын үй, Талғайран ауылындағы 9 қабатты 90 пәтерлі тұрғын үй және кәріз және сумен жабдықтаудың инженерлік желілерін салу, сондай-ақ, Исатай ауданы Аққыстау ауылындағы өрт сөндіру депосы.

Бюджет қаражатын жымқыруға жол бермеу барысында аталған нысандарға мониторинг жүргізіледі. Бұл процеске сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер де, жұртшылық та қосылды, – деп атап өтті Саян Ахметжанов.

Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында мердігер ұйымның өкілдері мен тапсырыс берушілердің қатысуымен Талғайран ауылындағы объектілердің құрылыс барысымен танысты.

Саян Ахметжанов өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтардың қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты міндеті болып табылатынын атап өтті.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Мақсым Ізбасов өңірдің өнеркәсіптік мәселелерін шешуге мүдделі қоғамды тарту табысқа жетуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшті иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Саян Ахметжанов кездесу соңында айтылған ұсынымдар мен ұсыныстарды, сондай-ақ өңір тұрғындарының әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуде қолдау көрсетуге және күш біріктіруге шақырды.

«Маған «албасты» деді»: Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясованың теріс қылығын әшкереледі «Күйеуін қолдан келгенше адам қылды»: Сексолог әйел 10 жыл бірге тұрған күйеуін пышақтаған «Болашағынан зор үміт күтіп едік»: Ресейлік белгілі скрипкашы қызды хирург өлтіргені белгілі болды «Жәрдемақысын сіңілісі алады»: Шымкенттік тыл ардагері қоқыс пен жәндік қаптаған жерде тұрып жатыр (ВИДЕО) «Жыныс мүшесін шығарып қозғады»: АҚШ-тағы қазақ студенттері педофилді ұстап алды (ВИДЕО) «Заң мен тәртіп»: елорда мектептері арасында қойылымдар байқауы өтті Төмен күнкөрістен шаршаған ақтаулық рекордсмен Ұлыбританиядан саяси баспана алды Маңғыстау жасөспірімдер арасындағы жүктілік бойынша көш бастап тұр «15 жылда тілімізден айырыламыз»: Қырғыздар қазақ тілінен қорқып отыр Трамп Америка түрмелеріндегі қылмыскерлерді Еуропаға жібергісі келіп отыр Фариза Төреәлі қызының тұсауын кесіп, қоныс той жасады (ВИДЕО) «Қайдағы кокаин?!»: Макронды «нашақор» деп айыптаған Ресей саясаткеріне Париж жауап қайтарды «Су ағызып жатыр»: Жетісуда бейіттерді су шайып кетті (ВИДЕО) Енді Германия Украинаға қару жібергені туралы ақпарат құпия болады «1 млн еуро беруге уәде берді»: Лондонда болгарлық Ресей тыңшылары қолға түсті Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот шешім шығарды «Путиннен өткен жағымсыз»: Трамп билікке қайта оралғаннан кейін АҚШ-тың әлемдегі беделі күрт төмендеді Америкалықтар асырап алған қарағандылық қыздар 20 жылдан соң елге оралды «Кішкентай інісі, өз әйелі мен өгей баласы»: Туыстарын аяусыз өлтірген қаскөй өмір бойына қамалды LRT-ның ақшасын жымқырды деп айыпталған Талғат Ардан Түркияда ұсталды