«Ақырзаманның белгілері байқалып жатыр»: Абай Бегейдің оқушы қызы хиджап кигенін мәлімдеді

12.11.2023, 18:09
3889
«Ақырзаманның белгілері байқалып жатыр»: Абай Бегейдің оқушы қызы хиджап кигенін мәлімдеді symbatabaikyzy

Бұл туралы smartnews.kz сайты ernur.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Абай Бегейдің әнші қызы Сымбат хиджап кигенін айтып, «Инстаграмына» жазба жариялады.

«Сәл кідіріс. Сәл тыныс. Оралу үшін жоғалу. Ұғыну үшін доғару. Пендеуи тірлік біткен бе? Пендешілік жүрекке түскенде - жан қиналады. «Пендеміз ғой», «әлі-ақ уақыты келер», «бұйырған күні бар шығар» , «бастысы ниетіміз бар» , «әлі жаспын»… Бұл сылтаудың шегі бар ма? Алладан келгенбіз - Аллаға қайтамыз! Сонда кім үшін - не үшін бұл сылтаудың бәрі? Жаратылған жан екенімізді біле тұра Жаратқанымыздың алдындағы парыз бен борыштан неге өзгені биік қоя береміз?!

Мен ойландым. Ой түйдім. Бұл шешімге келуім үшін бәрін сараладым. Себебі орамалды киіп-шешуі тез адамдардың қатарынан емес, басымдағы тәжім еткім келеді. Солай болғай. Жүрекпен келгім келіп, жанмен ұғынғым келді. «Инстаны», «тик-токты» ақтарсаң еврейлер мен мұсылман халқының соғысы. Шарасыз мұсылман бауырларымыздың үй астында қалған бала-шағасы, өліммен арпалысқан күнәсіз сәбилер. Осыдан кейін уақыттың еншісінде, өз уақыты келер деп қалай айтуға болады? Ақырзаманның белгілері байқалып бара жатыр, елдің сөзі-көзі деп жүргенде. Ертелі кеш Аллаға оралатынымызды неге ойламайды екенбіз деймін.

Жаратқан адамға бәрін берген. Көрерге көз, сөйлерге сөз, тынысқа қос танау, жұмысқа егіз қол, жүріске жұп аяқ берген. Естірге құлақ, жұтымға тамақ берген. Ішкі мүшемізді айтпағанда, сыртқы мүшелеріміздің нығметін байқап жүрміз. Көріп жүрміз. Іштей сол нығметті ұғып жүрміз. Бірақ соның қарымтасын қайтару қай пенденің ойына кіріп-шығыпты?

Мен бүгіннен бастап мінезіммен алысуды бастадым. Жүрегіме үңілемін деп шештім. Ойыма ластық, көңіліме кіршең дақ қалдырмаймын деп түйдім. Сіз де бастаңыз. Жаратқанға әр нығметі үшін алғыс айтуды қолға алдым. Орамалым мәңгілік болсыншы!», - деп жазды Сымбат Абайқызы.

Жас әншінің бұл шешімі тыңдармандарын сан түрлі ойға жетеледі.

«Әлі мектепте оқиды, бала болып, сабағын оқып, әдемі киініп, жарқырап жүретін кезі ғой. Үйіндегілер жас қыздың санасын улап тастаған», «Орамалың басыңтағы тәжің болсын!», «Қызықтың бәрі ана өмірде дейді , мына өмірде не істеп жүрміз сонда. Жап жас болып осындай әңгіме айтатындарды түсінбеймін», «Нағыз еліктегіш жас шағында тұрған қыз ғой», «Дұрыс, иманды адамның тірлігі, ақыретін ойлағаның жөн екен», - деп жазды көпшілік.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады