Күдікті Қуандық Бишімбаев 10-15 жылды арқалап кетуі мүмкін

13.11.2023, 18:15
694
Күдікті Қуандық Бишімбаев 10-15 жылды арқалап кетуі мүмкін smartnews.kz

Сонымен Астанадан шу шықты. Кезінде Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған, істі болып сотталған Қуандық Бишімбаев өзінің әйелін төбелеп өлтірді деген күдікке ілінгені жайлы хабар бұрқ ете қалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Министр болған адам әйелін ұрып өлтіріпті дегенді бұрын-соңды естіп көрмеген халық ішін тартып, басын шайқап қалды. Көшеде жүрген арақпаз немесе нашақор болса бір сәрі, ал елге белгілі азаматтың ұлы, елге белгілі отбасының тірегі деген адам осылай істесе, өзгелер не істемейді деген көпшілік жаға ұстағаны рас.

Шыны керек, отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды, бірақ жанжал әйелдің өлімімен тынады деген көз көріп, құлақ естімеген нәрсе емес пе? Рас, өте сирек жағдайда ері ашу үстінде әйелін өлтіріп алған оқиғалар кездесетін шығар. Мұндай ахуал қиюы кетіп, берекесіздікке ұшыраған және  моральдық-психологиялық келбеті тым ауырлап кеткен отбасыларға ғана тән деп жатады. Ал осындай қайғыға белгілі оқымысты-академик, мемлекеттік сыйлықтың иегері, мәжілісмен болған саясаткер тұлға Уәлихан Бишімбаевтың шаңырағы душар болып жатса, бұл да қоғамда отбасылық құндылықтардың тұғыры бос екенін көрсетсе керек.

Таратылған хабарларға қарағанда, күдікті Қуандық Бишімбаев қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Астана қаласы бойынша полиция департаментінің хабарлауынша, тергеу Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің өліміне қатысты жүргізілуде. Қылмыстық кодексте «Адам өлтіру, яғни басқа адамның заңсыз қасақана өліміне әкеп соғу 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады» деп көрсетілген.

Енді оның қылмысы дәлелденсе үкім шығарылады. Өлетінін білмей істесе де, ашу үстінде өзін ұстай алмай қалса да өте ауыр қылмыс. Мойынға кісі қаны жүктелген соң жазасыз болмайтыны тағы бар.

Министр болған, үкімет көрген, осы күні 43 жастағы Қуандық Бишімбаев мұның алдында жемқорлық ісі бойынша сотталған еді. Министр лауазымынан 2016 жылы «Бәйтерек» холдингіндегі қызметі бойынша туындаған мәселелерге байланысты шеттетілген еді. Ал 2017 жылы оны құзырлы органдар жауапқа тартты. Одан  министр кезінде Қызылордада шыны зауытын салу барысында 1 миллиард теңге ұрлаған және бірнеше рет пара алған деген күдікпен жауап алынған. Содан тергеу жүріп, 2018 жылы Қуандық Бишімбаев мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетіліп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда 2019 жылы ол бостандыққа шықты. Себебі оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін Шымкент қаласының Абай аудандық соты қанағаттандырды.

Істің бұлай өзгеруіне негіз бар болған екен. Астана соты он жылға сотталған Бишімбаевтың неліктен ертерек босатылғанын түсіндірді. Соттың хабарламасында: «Жазаны өтеу 2017 жылдың 10 қаңтарында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған сәттен бастап есептелді. Президенттің 2019 жылғы 13 ақпандағы Жарлығымен Қуандық Бишімбаевқа рақымшылық жасалып, оның жазасы 10 жылдан 4 жылға дейін қысқартылды», – делінген.

Демек, қысқартылып, 4 жылы қалса, сол кезде оның едәуір бөлігі өтеліп қойған болып шығады.  Анығында өтелмеген жазасы 1 жыл 3 ай 13 күн болатын. Осы қалған мерзімді өтеу шартты түрге ауыстырылып, қамаудан босатылған. Жазаның қалған шартты бөлігі 2021 жылдың 9-қаңтарында аяқталған. Қысқарған 4 жылдың 19 айын ол қамауда өткізді.

Енді міне, қайтадан істі болып, басы шырғалаңға түсіп жатыр. Марқұм әйелі Павлодар қаласының қызы екен. Денесін туған жеріне жеткізіліп жерленді.

Ал бұл қайғылы оқиғадан кейін «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысы 25-қарашада Алматыда кез-келген зорлық-зомбылық атаулығы қарсы шеру өткізбек. Бұл ұйымның өкілдері зорлық-зомбылыққа қарсы жұмыс жүргізуді қолға алып отыр. Елдің аумағындағы барлық зорлық-зомбылық оқиғаларының есебі мен мониторингін жүргізуге және соған қарсы тұруға ниетті.  Ұйымның хабарламасында «Күн сайын жаңалықтардан біреу біреуді ұрып-соққанын көреміз. Соққыға жығылып жатқандар көбінесе әйелдер. Жас балалар, оқушылар, студенттер, жай жүргіншілер де таяқ жейді», – делінген. Шеруді жастар ұйымы Алматының негізгі ірі көшелерінде жасамақ. Бұл үшін адамдарды шеруге қатысуға осы бастан үндеп жатыр.

«Жаңа адамдар» жастар қозғалысы 2022 жылдың тамызында құрылған. Сол жылдың қарашасында ұйымның белсенділерімен президент Қасым-Жомарт Тоқаев кездескен. Президент жастарды азаматтық қоғам тұрғысынан белсенді болып, елге пайда келтіруге шақырған.  

АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады