Саммит: Сауд Арабиясы мұсылман елдердің басын қосты

14.11.2023, 10:57
338
Саммит: Сауд Арабиясы мұсылман елдердің басын қосты bloomberg.com

Израиль әскерінің Газадағы ХАМАС құрылымдарын қудалап соғыс жүргізуі жалғасып жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бірақ екі ортада бейбіт тұрғындардың опат болуы көбеймесе, азайған жоқ. Қазақшалап айтқанда, екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледінің кері Газаның жай тұрғындарына келді. Израиль Газаны атқылауды бастағаннан бергі үш-төрт аптаның ішінде қаза болған бейбіт тұрғындардың саны бүгінгі күнге 11 мыңнан асып жығылды. Көз жұмғандардың едәуір бөлігі соғысқа да, террорлық әрекеттерге еш қатысы жоқ жас балалар мен әйелдер және шау тартқан егде жастағы адамдар. Газа қаласының осы күні сау тамтығы қалмады десе де болады. Әрине, ХАМАС-тың әскери құрылымдары мен басқару тіректері жойылып жатыр, бірақ соның қабатында жай тұрғындардың да көптеп қырылуы ешбір елге де, ешбір халыққа да ұнап жатқан жоқ. Жер-жерде адамдардың үлкен топтары мұндай әрекетке қарсылық акциясын өткізіп жатуының және көптеген елдердің көшбасшылары Израильді айыптауының мәнісі де осында. 

Жақында 57 араб және мұсылман елдерінің басшылары үн қатып, соғысты тоқтатуға шақырды. Сауд Арабиясы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне өз міндетін орындамай отыр деп кінә артты және Израильді Газадағы әрекеті үшін жауапқа тартуға шақырмады деп сынады. Израильдің әрекетін АҚШ та құптамай отыр. АҚШ Жерорта теңізіне Израильді қолдау үшін әскери кемелерін апарып қойғанымен соғыстың тезірек тоқтатылуын қалап отыр. АҚШ Газа аймағын қоса алғанда бүкіл Палестина жері мен халқына толық еркіндік беріп, біртұтас егемен мемлекет болуына жағдай жасайық дегенді айта бастады.

Осындай әрі-сәрі сәтте Сауд Арабиясында Ислам ынтымақтастығы ұйымы мен Араб мемлекеттері лигасы басшыларының бірлескен саммиті өтті. Талқыға салынған өзекті мәселе – ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыс. Саммит бірнеше қорытынды жасады. Біріншіден, Израильдің Газа секторындағы әрекеттерін айыптады және Палестина мемлекеті құрылсын деген талап қойды. Екіншіден, Палестина мемлекетінің шекарасы 1967 жылдағыдай, ал астанасы Шығыс Иерусалимде болуы керек деп шешті. Үшіншіден Газа секторын Иордан өзенінің батыс жағалауынан, соның ішінде Шығыс Иерусалимнен бөлуге болмайтыны алға тартылды. Төртіншіден, мұсылман елдерінің басшылары Израильдің ХАМАС-қа қарсы әскери операциясын өзін-өзі қорғау деп атаудан бас тартты. Бесіншіден, Газаны қоршауда ұстауды тоқтатуды және ол аумаққа гуманитарлық көмек тиелген араб, ислам елдерінің және халықаралық ұйымдардың жүктерін кіргізуді талап етті. Бесіншіден, Израильді жүйелі түрде агрессивті саясат жүргізеді және оккупация тәжірибесін қолданады деп айыптады. Себебі саммитке қатысушылар Израиль Газада әскери қылмыстар жасады деп есептейтіндіктерін білдірді. Сондықтан Израильдің әрекеттерін Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры тексеруі керек екенін айтты. Саммитке қатысушылардың айтуынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Израильді айыптайтын қарар қабылдауы тиіс.

Саммитті Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Сауд ұйымдастырды. Саммиттің жұмысына Иран, Түркия президенттері, Катар әмірі, және басқа араб және мұсылман елдерінің басшылары қатысты. Ислам ынтымақтастығы ұйымының мүшесі ретінде ішінде Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған біздің еліміздің делегациясы да болды. Палестиналықтардың өз мемлекетін құрудағы заңды құқықтарын қолдайтынын Қазақстан тарапы бұған дейін мәлімдеген болатын.

Өткен сенбі күні әлемнің көптеген елінде палестиналықтарды қолдау акциясы өтті. Лондонда кемі 500-дей адам көшеге шықты. 150 адамды полиция ұстағаны жайлы айтылды. Адамдарды ұстауының себебі – акцияға қатысқандар арасында жанжал туындаған. Мигранттар мен сол мигранттарды ұнатпайтын кейбір жергілікті тұрғындар арасында айтыс-тартыс болған көрінеді. Іс насырға шауып кетуіне жол бермеу үшін полицияға адамдарды ұстауға тура келген.

Палестиналықтарды қолдау акциясы Нью-Йоркте және Джо Байденнің туған жері Делавэр штатында, Ирландияда, Нидерландыда, Францияда, Бельгияда, Оңтүстік Африка республикасында, тағы басқа жерлерде өтті.

Францияда, сонымен қатар, антисемитизмге қарсылық шеруі де өтті. Яғни Израиль мен еврейлерге қарсыларға қарсылық шеруі. Франция бойынша мұндай шеруге 200 мыңдай адам қатысса, соның 100 мыңдайы Париждің көшелеріне шыққан. Шеруге адамдарды Сенат спикері мен Ұлттық ассамблея жетекшісі шақырған екен. Оларды қолдап, шеруге Францияның премьер-министрі Элизабет Борн мен Францияның бұрынғы президенттері Франсуа Олланд және Николя Саркози шыққан. Саяси партиялардың бәрі қатысқан. Тек радикалды оппозиция өкілдері ғана шықпаған. Жалпы, соңғы уақытта Еуропада антисемитизмнің күшейіп бара жатқаны ол жақтағы елдердің биліктерін алаңдатып отыр. Бір ғана Францияда 1200-ден астам үлкенді-кішілі қарсылық акциясы болыпты. Ол елде палестиналықтарды қолдау акциясына тыйым салынды. Бірақ соған қарамай Израильге қарсылық білдіріп көшеге шығушылар толастар емес.

Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті «7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім»: Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды (ВИДЕО) «Енді маған жазбаңыз»: Сәдуақасова желіде жасын сынап жатқандарға жауап берді «Үндемей шығарып салған ғой»: Нұрлан Қоянбаев мейрамханада қызық жағдайға тап болды (ВИДЕО) "Ішетін адамдармен араласпаймын": Олжас Абай өзі туралы ел білмейтін жайтты айтты Біз оны Тасқынбай деп атаймыз: Құлсары тұрғыны ТЖ кезінде алғашқы сәбиін өмірге әкелді Жас ғалымдар әлемнің озық зертханаларында тәжірибе алмасып жатыр Дзюдодан әлем чемпионаты: Елдос Сметов пен Ғалия Тынбаева алғашқы белдесуінде жеңіске жетті Алдағы бес айда үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін – Трамп "Көліктің терезесін сындырып, мені алып шықты": Баян Мақсатқызы қызының өзін қалай құтқарғанын айтып берді (ВИДЕО) Павлодарда әйелін кілт жоғалтқаны үшін ұрып-соққан ер адам ұсталды (ВИДЕО) Fitch рейтингі: Қазақстанның тәуелсіз кредиттік деңгейі "тұрақты" деп бағаланды Elorda Cup: 14 боксшымыз алтын медаль алды Тойда Құран сүрелерін қосуға бола ма? – ҚМДБ жауап берді (ВИДЕО) Үш жасар бүлдіршіннің денесі көршісінің әжетханасынан табылды Нөсер жаңбыр, бұршақ: 19 мамырға арналған ауа райы болжамы