Ақтөбеде «Сыбаға» бағдарламасының ақшасына қол салған 3 күдікті қамалды

15.11.2023, 10:21
686
Ақтөбеде «Сыбаға» бағдарламасының ақшасына қол салған 3 күдікті қамалды Halyq Uni

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалында ірі қара мал сатып алу үшін несие қаражатын алу кезінде алаяқтық фактілері анықталды. Бұл туралы Halyq Uni ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ірі қара малды сатып алуға бөлінген несиелік қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған, сондай-ақ бөгде тұлғаларға шаруа қожалықтарын рәсімдеген 3 адам анықталды.

Құқыққа қайшы әрекеттері арқылы олар мемлекетке жалпы сомасы 970 млн теңге аса ірі мөлшерде залал келтірген.

Қазір 3 күдікті ұсталды. Оларға қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Күдіктілердің шамамен 260 млн теңгенің жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібімен тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді