Президент: «Заң мен тәртіп бұзушылыққа төзбейтін жағдай қалыптасуы керек»

17.11.2023, 10:05
426
Президент: «Заң мен тәртіп бұзушылыққа төзбейтін жағдай қалыптасуы керек» aqorda_resmi

Президент құқық қорғау органдарының  басшыларымен кездесті.

Бұрын Ұлттық экономика министрі болған, сыбайлас жемқорлық бабымен сотталған Қуандық Бишімбаевтың өз әйелін өлтірді деген күдікке іліккені түрткі болған болуы керек, Президент құқық қорғау органдарының  басшыларымен кездесті. Онда ел ішіндегі құқықтық жағдай сөз болды.

 Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовпен, Бас прокурор Берік Асыловпен, Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевпен, сондай-ақ басқа да салалық ведомстволардың басшыларымен кездесіп, консультациялар өткізді. Хабарламада айтылғанындай, Мемлекет басшысы заңның сақталуына, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға қатысты мәселелерге баса мән берген. Қасым-Жомарт Тоқаев заң мен тәртіп қоғамның идеологиялық және саяси темірқазығына айналуға тиіс екеніне тоқталды. Оның пікірінше, осы күнгі қалыптасқан жағдай көшедегі мәдениетсіздіктен бастап төбелес, ұрлық, кісі өлтіруге дейінгі құқықбұзушылықтың барлық түріне ымырасыз қарсы тұруды талап етеді. 

Құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесуде Президент құқыққа байланысты өзінің негізгі ұстанымдарын да сөз ете кетті. Ол айналамыздағы  келеңсіздіктермен тұтас қоғам болып күресу керек деп санайды. Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, дөрекілік және бұзақылық сияқты қылмыстар жойылуы тиіс. Қоғамда заң мен тәртіп бұзушылықтың кез келген түріне мүлде төзбетін әрі оны қатаң айыптайтын жағдай қалыптасуы керек. Әсіресе әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің жолын батыл түрде кесу қажет.

Осы кездесуде Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігіне елорда мейрамханаларының бірінде болған кісі өліміне қатысты резонанс тудырған оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды. Резонанс тудырған бұл қанды оқиға – Қуандық Бишімбаевтың өз әйелін өлтірді деген күдікке ілігіп қамауға алынуы екені белгілі. 

Президент өз сөзінде: «Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел», – деді. Жалпы Президент Әділетті Қазақстанды құру үшін құқықтық мәдениетті дамыту керек екенін бұрыннан айтып та келеді.

Президенттің құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесуі жиі болып тұрса дұрыс болар еді. Президент халықтың пайдасына және қоғамның дұрыс бағдар алуына қолайлы боларлықтай құнды бағыттарды көрсететіні сөзсіз. Өйткені айналамызда қылмыс көп, азаятын түрі көрінбейді. Осы соңғы күндерді алып қарасақ, заң бұзушылықтың талай өрескел оқиғалары бірінен соң бірі болып жатыр. 

Анау-мынау емес, Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы әйел зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Ішкі істер органдарындағы дыңдай бастықтың мұнысы ақылға қонымсыз сұмдық әрекет екенінде дау жоқ. Күдіктінің әрекеті өзінің ғана емес, бастықтарының да қызметіне кесірін тигізді. Бұл оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов министрліктің қызметкерлерінен құралған арнайы топпен Жетісу облысына барды. Барғандар өңір полициясының жеке құрамымен және ішкі істер органдары ардагерлерімен кездесті. Жиынға облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысты. Ішкі істер министрі болған осы өрескел заң бұзушылыққа қарай Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты қабылданған шешіммен көпшілікті таныстырды. Шешім бойынша Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды. Оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке қызметтік сәйкестіктің толық  еместігі туралы ескертілді. Облыстық департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Талант Жұмабек пен тергеу бойынша орынбасары Мақсат Ережепов те өз қызметтерінен босатылды.

Талдықорған қалалық полиция басқармасын басқарған күдікті адам қамауда, оның үстінен Қылмыстық Кодекстің 120-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптың бұл бөлігі қызмет бабындағы тұлғаның өзгені зорлау әрекетін ашуды қарастырады. Халық аң-таң. Бұрын-соңды полиция басқармасының бастығы әйел зорлады дегенді кім естіп көріпті?! 

Қанды қылмысты жасады деген күдікпен қамалған Қуандық Бишімбаевтың оқиғасы қоғамның қызу талқысына түсіп жатыр. Бұл жағдай халықты дүр сілкіндірмесе де алаңдатып, ірі шенеуніктердің ірі шенеунік балаларына деген көзқарасын секем алдырып қойды. 

Ал елдің аумағында радикалды діни топтар соңғы уақытта белсенділік танытқан екен. Терроризмді насихаттау, экстремистік топты құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу бойынша күдікпен ондай топтардың бір мезгілде 12 мүшесі ұсталғаны хабарланды. Мұншама адам Астана, Атырау және Жезқазған қалаларында ұсталыпты. Әрине, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясы жүргізілген. Тергеу болжамы бойынша, олар Қазақстандағы зайырлы құрылымды құлатуды көздеген, бұл үшін экстремистік идеологияны таратқан және қатарларына жаңа жақтастарды тартқан делінген. 

Міне, соңғы күндердегі құқықтық ахуал осындай болып тұр. Президенттің алаңдаушылық білдіріп,  құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесуінің мәні де сол ахуалмен байланысты болар.

Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады