Адамды ұрып-соғып, зәбір көрсеткендерге жаза күшейтіле ме?

17.11.2023, 10:15
561
Адамды ұрып-соғып, зәбір көрсеткендерге жаза күшейтіле ме? Tengrinews.kz

Тұрмыстық зорлық-зомбылық барлық кезде өзекті проблема болып келеді.

Қуандық Бишімбаевтың өз әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынғаны қоғамды есеңгіретіп тастағандай. Осы қанды оқиғадан кейін қоғамда кейбір нәрселерге көзқарас өзгеріп те жатыр. Мысалы, тұрмыстық зорлық-зомбылық деген нәрсеге қатысты пікірлер етек алды. Оның жөні де бар. Себебі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі елімізде бұрыннан өзекті. Ал мына оқиғадан кейін адамның адамға деген зорлық-зомбылығына біздің қоғамымызда орын жоқ деп жатқандар көбейді. 

Бұған әсіресе еліміздегі әйелдер мен балалар істері жөніндегі ұлттық комиссия алаңдап отыр. Бұл комиссия тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды. Комиссия тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы кешенді жоспар әзірлеп жатыр екен. Жақында Парламент Мәжілісіне ұсыныс енгізбек көрінеді.

Есепке жүгінсек, биылғы жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін 60 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Зорлық-зомбылық жасап жауапқа тартылғандар жылдың басында 7 мың болса, арада үш-төрт ай өте олардың саны күрт өсіп, 27 мыңға жеткен. Өңірлерге салып қарағанда тұрмыстық зорлық-зомбылық Ұлытау, Атырау, Батыс Қазақстан және Жетісу облыстарында көбейген деп жатыр. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық деген өте алмағайып нәрсе. Оны алдын ала болжау да қиын. Дегенмен ішкі моральдық-психологиялық ахуалы ауыр-ау деген отбасылар шамамен айқындалып, назарда ұсталатын болса керек.  Ал зорлық-зомбылық жағдайы бола қалған жағдайда ол отбасыға ескерту беріледі немесе отағасы қоғамдық жұмысқа жегіледі немесе бірнеше тәулікке қамалады. Дегенмен әйелдер мен балалар істері жөніндегі ұлттық комиссия мұндай жазаның ешбір нәтиже бермейтінін алға тартады. Комиссия мүшелерінің пікірінше, бұл мәселеде Қылмыстық Кодекске жеке бап енгізу керек. Жалпы, комиссия өкілдері бұл бағытта полиция қызметкерлеріне, прокурорларға және соттарға арнайы курс өткізу де артықтық етпейді деп есептейді. Әйелдер мен балалар істері жөніндегі ұлттық комиссия бұл жөнінде арнайы заң әзірлеуде екен. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша «жол картасы» әзірленетін болып жатыр. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық барлық кезде өзекті проблема болып келеді. Осыдан екі жыл бұрын ондай қылмыс үшін жазаны қатайтуды  сұраған петицияға қол қою басталған болатын. Қуандық Бишімбаевтың оқиғасынан кейін бұл петиция қайтадан жанданып, азаматтардың оған қол қоюы күрт артты. Қол қойғандар саны екі-үш күн бұрын 40 мың еді, қазір бірден 65 мыңнан асты. Қоғамда әйел құқығы мәселесі жан-жақты көтеріліп жатыр. Петиция авторлары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жаза жеңіл болғандықтан мұндай келеңсіздіктің көбейгенін жазған. 

Зорлық-зомбылық үшін жазаның жеңілдеуі 2017 жылдан басталған еді. Сол жылы адамды ұрып-соғу немесе денсаулығына қасахана зиян келтіру әрекеттеріне байланысты баптар  Қылмыстық кодекстен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылған. Біздің елімізде көп жағдайда әйелдерге күйеуі немесе уақытша бірге өмір сүріп жүрген ер адам күш қолданады. Зорлық-зомбылықты бастан кешкен әйелдерден полицияға жыл сайын шамамен 100 мыңнан астам шағым түседі екен. Ал зорлық көрсеткендердің бәрі бірдей жазалана бермейтіні тағы бар. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы әйелдердің қайтыс болу себептеріне назар аударып, есеп жүргізеді екен. Сол есеп бойынша Қазақстанда бір жылда көз жұмған әйелдердің 400-дейінің өмірден ерте кетуіне күйеуі немесе уақытша бірге өмір сүріп жүрген адамы әр түрлі қырынан себепкер болатын көрінеді.  Петицияның авторлары Үкімет пен Парламенттен тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтуды сұраған. Олар Қылмыстық Кодексте болған 108-ші және 109-шы баптарды қалпына келтіру керек деп есептейді. Бұл баптар адамды ұрып-соғу немесе денсаулығына әдейі зиян келтіру әрекеттерін қарастырады. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептерін әркім әр түрлі жағдайдан іздейді. Мысалы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев әйелді ұрып-соғу көріністерінің түрлі себептері болса, соның бірі қазақы тұрмысқа жат діни ағымдармен де байланысты екенін айтыпты. Себебі қазаққа тән дәстүрлі және отбасылық құндылықтар кеміп, олардың орнын исламдану үрдісі басып жатқан болса керек. Депутаттың пікірінше, қазіргі ұрпақ тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінде дұрыс ойланбайды. 

Азат Перуашев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

«20-30 жыл бұрынғы ұрпақтың қарым-қатынасқа деген көзқарасы озық болды. Қазіргі тұрмыстық зорлық-зомбылық себептері бізге жат нәрселерді таңып жатқан исламданумен тығыз байланысты. Зайырлы өмір салты мен заңдарға бағынбай, керісінше имамға жүгінеді. Бұл дұрыс емес. Зайырлы мемлекет болғымыз келсе, заңға бағынуымыз керек».

Қысқасы, зорлық-зомбылық мәселесі күннен-күнге өзекті болып барады. Соған қарағанда ондай әрекет үшін жазаны күшейтетін жағдай қарастырылуы да мүмкін. Адамды ұрып-соғып жәбірлегені үшін айыппұл салу, ары кеткенде бірнеше күнге ғана қамауда ұстап босату аздық ететін болар. Ондай әрекетке жай бұзақылық деп емес, ауыр қылмыс тұрғысынан қарау керек деген пікір басым сияқты.     

Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады