Неапольде «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» атты көрме ашылды

19.11.2023, 11:59
830
Неапольде «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» атты көрме ашылды gov.kz

Неаполь қаласының әйгілі Кастел Нуово сарайының көрме залында Алматы қаласы тарихы мұражайының «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» атты көрмесі ашылды. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

Көрменің мақсаты – Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени байланысты одан әрі нығайту, итальяндық аудиторияны Ұлы дала халқының тарихымен, мәдениетімен, дәстүрімен, тұрмыс-тіршілігімен, философиясымен және дүниетанымымен таныстыру.

Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі мен Алматы қаласы мұражайлар бірлестігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Кампания аймағындағы Құрметті консулдығы ұйымдастырған көрмеге 140-тан астам жәдігер қойылған. Көрменің экспозициялық кеңістігі дәстүрлі киіз үй жабдығы, ат әбзелдері, тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар, музыкалық аспаптар сияқты тақырыптық бағыттарға бөлінген.

«Қазақстан – ұлы көшпелілер өркениетінің мұрагері. Біздің еліміз мыңдаған жылдар бойы көптеген қоғамдардың, мәдениеттер мен діндердің тоғысқан жері болды. Қазақстан өзінің ежелгі тарихын және көп қырлы мәдени мұрасын мақтан тұтады. Қазіргі қоғамның өмірінде қолданылатын заттардың көбі еліміздің аумағында пайда болған», - деді көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев.

Көрменің ашылу салтанатына 300-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде мәдениет, білім беру, ғылым, бизнес, туризм салаларының өкілдері болды. Сонымен бірге қонақтар музыканттар А. Құнанбай, Д. Мұратхан және Е. Егінбаевтың орындауындағы қазақтың дәстүрлі ән-күйлерін тамашалады.

Қонақтар көрме жәдігерлерімен танысып қана қоймай, итальяндық «Multicenter» кәсіби қызметтік даярлық мектебінің студенттері дайындаған қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Алматы тарихы мұражайының «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» көрмесі осы жылғы 14 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды