“Ұйықтап жатқан жерінен көтеріп шығарыпты”: Алматы облысында 9 жасар қызды белгісіз біреу зорлап кеткен

22.11.2023, 12:15
4302
“Ұйықтап жатқан жерінен көтеріп шығарыпты”: Алматы облысында 9 жасар қызды белгісіз біреу зорлап кеткен Бейнежазбадан

Алматы облысының Сауыншы ауылында зорланған 9 жасар қыздың анасы сұмдықтың қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлап отыр.

Әлдекім таңға жуық жеткіншекті алып қашып, даладағы жуынатын жерде жәбір көрсеткен. Қызға бұл әрекетті жасаған кім екені де белгісіз. Бірақ осы оқиғадан кейін өре түрегелген Сауыншы халқы қаршадай қызды қорлаған ер адамның алыстан келмегеніне сенімді.

Сұмдық осы айдың 12-сі Сауыншы ауылында болған. Болжам бойынша, бетіне бетперде тағып қап-қара киінген ер адам осы үйдегі қызды ұйықтап жатқан жерінен көтеріп алып кетеді. Жуынатын жерге кіргізіп, ойына келгенін істеген.

Құшағынан құтылып шыққан қыз үйіне қарай қашып үлгеріпті. Сөйтіп шырт ұйқыда жатқан анасына алдына қанжоса болып келген.

"Таңғы бесте келіп оятып тұр. "Мені бір аға алып қашып кетті" деп. Ішіне зақым келген, жарылып кеткен деді. Негізінде мен түнде есіктерді өзім жабамын. Өзі шығып кетті деп ойлаймын. Өйткені мен білемін ғой, анық-қанығын. Өзім жаптым есікті түнде”, – дейді қыздың анасы.

Зәбір көрген қыз – отбасындағы ортаншы бала. Анасы әжесімен бірге үш баланы өздері бағып-қағып отыр. Сауыншы ауылына осыдан 4-5 жыл бұрын көшіп келіпті. Сөздерінше, қорлық көрсеткен ер адам сырттан келген. Алайда осы оқиғадан кейін өре түрегелген ауыл тұрғындары мүлде басқа пікірде.

"Күдіктенемін, өздерінің ішінен деп ойлаймын. Себебі, мені өздерінің туысқандарының ішінен қатты шантаж жасады. Егер тілшілерді шақыратын болсаңыз, "үйтіп кетем, бүйтіп кетем" деген шантаж көп болып жатыр. Өзінің үйіне келіп жүрген адам істейді. Басқа адам істемейді. Себебі оның үйінде сондай нәрселер болды деп көп естідім”, – дейді ауыл тұрғындарының бірі Нұрсұлу Өсерова. 

"Үйіне ұсталары келеді. Ішеді анда-санда. Әжесі ішеді. Сол күні таңертең әжесі кірді "Осындай жағдай болды бізде" деп. Сосын мен де айттым "Біздің дәлізде біреу темекі шегіпті" деп. Дәлізімнің есігі ілінбейді. Кіріп, темекісін шегіп кеткен”, – дейді тағы бір көршілері Нарғыз Момбекова.  

Шу шығарған тұрғындар ерсі қылық танытқан ер адамның әлі күнге дейін неліктен ұсталмай жатқанын түсінбей отыр. Жұрт полицейлерге ренжулі.

"Сол күні полиция екі күн ғана келді. Одан кейін келген де жоқ, сұраған да жоқ, іздеген де жоқ. Қазір қыз, ұл деп қарап жатқан жоқ. Соның бәріне заң шығарсын. Әлде міндетті түрде министрдің, басшының қыздары зорлануы керек пе? Бұл деген сұмдық! Балаларымызды көшеге, дүкенге жібере алмай қалдық”, – дейді ауыл тұрғыны Айжұлдыз Күзібаева. 

Нақты не болғанын білу үшін геномдық сараптама тағайындалған. Қорытындысы әлі шықпады. Сондықтан күдікті де әзірге жоқ дейді полицейлер.

"12 қараша күні Қарасай ауданы ПБ-ға Сауыншы ауылының 32 жастағы тұрғыны сол күні таңғы сағат бесте жас қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған белгісіз адамға қатысты шара қабылдау туралы арызданды. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Қазір қылмыстың барлық мән-жайы тергеуде, оның жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптама, тексерулер тағайындаумен тергеу жүріп жатыр”, – дейді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин. 

Белгісіз біреудің анайы әрекетінен кейін 4-сынып оқушысы бір апта ауруханада жатқан. Қазір үйінде. Жағдайы оңалыпты. Енді анасы да, ауыл тұрғындары да полицейлерден қаскөйдің тездетіп құрықталуын талап етіп отыр. Балаларына алаңдаған жұрт күдікті ұсталғанға дейін тәртіп сақшыларының күн-түнге қарамай ауылды күзетуін сұрап отыр.

Джиу-джитсудан Әлем чемпионы Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» клубына қосылды ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді Блогер Дархан Жолшыбеков 300 миллион теңгеге алған зәулім үйін оқырманына тегін сыйға бермек (ВИДЕО) Асырап алған қызын 10 жасынан бері зорлап келген орманшы өзін атып өлтірді «Мен кіммін сонша?!»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне құрметі үшін автограф беруден бас тартты Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан Әлімхан Сыздықов әлем чемпионы атанды «Жұмада жамбасы жерге тиді…»: Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден өтті «Қызы емес, әйелі сияқты қарағанын байқадым»: оқушысын өгей әкесі зорлап жүргенін сынып жетекші қалай біліп қойған? Бүгін Мұстафа Өзтүрік тірі болса, 70 жасқа толар еді… Демалыс күндері ауа райы қандай болады? «Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па?