Президент SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгті қабылдады

22.11.2023, 20:26
594
Президент SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгті қабылдады aqorda.kz

Мемлекет басшысы SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгті қабылдады.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Нгуен Тхань Хунгке ілтипат білдіре отырып, өзінің биыл тамыз айында Вьетнамға жасаған ресми сапарын еске салды.

Сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және өзара тиімді кооперацияның жаңа бағыттарын ашуға тың серпін берді.

Президент SOVICO Group компаниясының инвестициялық қызметіне қажетті жағдай жасауға еліміздің дайын екенін жеткізді.

«Сіздің Қазақстандағы іскерлік белсенділігіңізді құптаймыз. Өзара ынтымақтастық орнататын салаларды айқындай алатынымызға сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған шаралар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік байланысты жандандыруға ықпал етеді.

Кездесу барысында ықпалдастықтың перспективті бағыттары, соның ішінде көлік-логистика, қаржы және тау-кен салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды