"Ас үйге қамап тастады, денесі көгергенше ұрды". Тұрғындар балабақша тәрбиешілерінің үстінен шағым түсірді

23.11.2023, 09:57
2789
"Ас үйге қамап тастады, денесі көгергенше ұрды". Тұрғындар балабақша тәрбиешілерінің үстінен шағым түсірді massaget.kz

Ақтөбе қаласындағы жекеменшік балабақшалардың біріне баратын бүлдіршіндердің ата-аналары тәрбиешілердің балаларға күш қолданғанын айтты. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі "Голос народа" сайтына сілтеме жасап хабарлап отыр.

Ата-аналардың айтуынша, тәрбиешілер балаларды балабақшада камера жоқ бөлмеде ұрып-соғып, қамаған.

"Әлі де сөйлей алмайтын және түсіндіре алмайтын кішкентай сіңлімді көгергенше ұрып-соқты. Камерасы жоқ ас үйде 5-6 сағат қамап қойды. Оның жалғыз емес екені белгілі болды... мұндай жағдайлар өте көп!" – дейді ата-аналар.

Олар полицияға арыз жазды. Өз кезегінде балабақша қызметкерлері оқиғаға қатысты жауап жазған.

Оқушылардың ата-анасы мен туыстары қолдарында айғақ бар екенін айтты. Әлеуметтік желілерде балабақшадағы тәртіпсіздік пен балалардың денелерінің көгерген жерлерін көрсететін видео жариялады. Кадрда балалардың еденде ұйықтап жатқаны да байқалады.

Полицейлер 21 қарашада No2 қалалық бөлімшеге бірнеше ата-ананың мектепке дейінгі тәрбиешілердің балаларға жасаған қатыгездігі туралы хабарласқанын растады.

"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы 1-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу аясында ата-аналардың барлық уәждері тексерілетін болады", - деп түсіндірді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды