Қытайда мешіттерді азайтып жатыр, ал жаңасын салуға рұқсат жоқ

23.11.2023, 11:14
960
Қытайда мешіттерді азайтып жатыр, ал жаңасын салуға рұқсат жоқ canva.com

Қытайда мұсылман да көп, соған сәйкес мешіт те аз емес. Мысалы, тек Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 25 мыңдай мешіт бар екен. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Біраз жылдан бері Қытай билігі мешітке барғандарға бақылауды күшейткен. Осыдан бес жылдай бұрын шамамен миллион мұсылманды қайта тәрбиелеу лагеріне қамағаны белгілі. Ол жақта тек мұсылмандар ғана емес, христиандар да қырағы бақылауға алынған. Мұндағы уәждері терроризм мен экстремизмге қарсы әрекет делінеді.

Соңғы уақытта Қытайдың солтүстігінде мешіттердің кейбірін жауып, ал кейбірін бұзып жатыр деген ақпарат тарады. Ақпаратты таратқан – Human Rights Watch деп аталушы халықаралық құқық қорғау ұйымы. Оның бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан, өзі халықаралық үкіметтік емес ұйым. Бұл ұйым адам құқықтары бойынша зерттеулер мен үгіт-насихат жүргізеді. Айтуларына қарағанда, Қытай түрлі ұлттар тұратын аймақтарда қытайландыру саясатын жүргізіп жатыр.

Халықаралық құқық қорғау ұйымының мәліметінше, Нинься-Хуэй және Гансу провинцияларында көптеген мешіттер жабылған, ғимараттары басқа мақсатқа пайдалануға берілген немесе бұзылған. Осылайша, Қытайда діни наным-сенім бостандығына шектеу қойылып, мұсылмандар шетқақпай көріп жатыр. Жалпы, ол жақта қытайландыру саясаты 2016 жылдан басталды. Ал 2018 жылы мешіттерді қысқарту және жаңа мешіт салуға тыйым салу резолюциясы қабылданған. Міне, содан бері Шыңжаң өлкесінде мешіттердің үштен екісі, Нинься-Хуэй өлкесінде үштен бірі жабылған. Ал жабылмағандарына бейнекамера орнатып, қатаң бақылауға алған.

Қытайда 20 миллиондай мұсылман тұрады деп жатыр. Ол жақта хиджап киген, сақал қойған, араб және түрік тілін оқыған, арақсыз той өткізген, некені молдаға қидырған, балаларға мұсылманша ат қойған адамдардың басы бәлеге қалады.

Қытай - атеистік мемлекет. Бірақ діни еркіндікке заңмен тыйым салынбаған. Дегенмен де терроризмге қарсы әрекет деген себеппен мұсылмандарды, христиандарды және басқа діни сенім иелерін қудалау осы күні етек алды. Тек рұқсат етілген мешіттер мен храмдар немесе шіркеулер ғана коммунистік партияның жіті бақылауында жұмыс істей алады. Партия демекші, коммунистердің қатарына өтетін адамға бірінші кезекте атеист болу талабы қойылады. Коммунистерге діннен құндылық іздеуге тыйым салынады. Олар тек марксизм іліміне ғана сенуі тиіс. Дінге жақындаған коммунистер қатаң жазаланады. Сондықтан болар, ол жақта коммунистік партияның қатарына өтуге ниеттілер көп емес.   1 миллиард төрт жүз миллион адам тұратын бұл елде бар-жоғы 88,7 миллион ғана коммунист бар.

Жалпы мешіттерді жабу оқиғалары әр түрлі себеппен өзге елдерде де болып тұрады. 2018-ші жыл мен 2020-шы жылдардың аралығында Тәжікстанда екі мыңдай мешіт жабылды. Екі жылдың ішінде осыншама мешіттің жабылуы себебі – ешқайсысының қандай да бір құжаты болмаған. Жабылған мешіттердің ғимараттары шайханаға, клубқа, ал кейбірі балабақшаға айналдырылған. Ал ең ірі деген бір мешіт кинотеатр болып шыға келген. Тәжікстанда сол кезде үш жарым мыңдай мешіт болған екен. Моның екі мыңдайы жабылған.

Бұдан бес жыл бұрын Австрияда мешіттер жабылып, 40 имам ол елден шығарылды. Мешіттерге сырттан қаржыландырылады, Түркияның ұлтшылдарымен байланыс орнатады, радикализмнің дәнін себеді деген себеппен жеті мешітті жауып тастаған еді.  Сол кезде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мешіттерді жапқан және дін қызметкерлерін шекарадан шығарған Австрияға наразылық білдірді.

«Австрияда мешіттердің жабылуы, мұсылмандардың шекарадан шығарылуы крест пен жарты ай арасында дағдарысқа жол ашады, осының жауапкері сен боласың!», – деді Австрияның премьер-министрі Себастьян Курзға бағыштап.

Содан кейін ол жалпы Батысқа сес көрсетіп:

«Тұтас батысқа үн қатамын. Мұндай жағдай крест пен жарты ай арасында соғысқа айналатын болады. Біз зұлымдық жасауға рұқсат бермейміз. Қажетті шараны қолданамыз», – деді.

Келешекте қалай болатынын кім білсін, ал қазір біздің елімізде мешіттерге қатысты проблема жоқ. Мешіттер найзағайлы күнгі саңырауқұлақтай көбейіп жатыр. 2023 жылғы мәліметте Қазақстан бойынша 2752 мешіт бар. Солардың ішінде 2022 жылы пайдалануға берілген Астананың бас мешіті – Қазақстан мен барша Орта Азиядағы ең үлкен мешіт болып есептеледі. Бұл мешітте бір мезетте  30 мыңнан астам адам құлшылық ете алады. Қазіргі уақытта елімізде 9 медресе мен қарилар дайындайтын 6 орталық бар. Дін саласындағы қызметкерлер 4 мыңнан асқан.

Қалай болғанда да шет елдерде мешіттерді жабу, мұсылмандарды шеттету үрдісінің болып жатқаны жақсы емес.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған