– Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Гастроцентр директоры Бишімбаевтың туысы. Бүгінде қылмыстық іс тергеліп жатыр, еш қиындық жоқ. Істі жақында аяқтаймыз, - деп уәде берді Ержан Сәденов Сенат отырысында.
Сондай-ақ ол мейрамханадағы видеоны өшірген адамдарды жазалау туралы сұраққа жауап берді.
– Бұған қатысы бар тұлғалар анықталды, олардың қылмыстық процесте мәртебесі бар. Өшірілген жазбалардың барлығы қалпына келтірілді, - деді министр.
Еске сала кетейік, 9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлдтірді.