Канар аралдарында Қазақстан консулдығы ашылды

26.11.2023, 10:27
689
Канар аралдарында Қазақстан консулдығы ашылды el.kz

Қазақстанның Испаниядағы елшісі Данат Мұсаевтың Канар аралдары автономиялық қауымдастығына жұмыс сапары барысында құрметті консулдықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті

Cыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Сапар аясында қазақстандық дипломат Канар аралдары үкіметінің төрағасы Фернандо Клавихомен және Испания үкіметінің Канар аралдарындағы өкілі Мария Тереза Майанспен келіссөздер жүргізген. Кездесу барысында өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланғаны айтылды.
 
Сондай-ақ сапар барысында Қазақстан елшісі сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шара аясында елші іскер топтар өкілдерінің назарын екі елдің өңірлері арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды дамытудың басымдығына, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы жүктерді тасымалдау үшін еліміздің транзиттік әлеуетін пайдалануға аударды.
 
Сапардың басты іс-шарасы Канар аралдарында ҚР құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі болып отыр. Қазақстанның өңірдегі өкілдігін Атлантика директивалық институтының халықаралық сауда және халықаралық экономика профессоры Рафаэль Хуан Молина Петит басқарған көрінеді. Ол бұрын Канар аралдарының экономика министрлігі мен өнеркәсіп, сауда және туризм министрлігінде басшы лауазымдарында қызмет атқарған болатын.
 
Құрметті консулға, ең алдымен, өңір мен Қазақстан арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл беріледі. Бұл ретте Испания азаматтары асырап алған қазақстандық балалармен байланысты қолдауға ерекше назар аударылады. Айта кететін жәйт, бүгінгі күні Испания Корольдігінде әр аймақта орналасқан 4 құрметті консулдық жұмыс істеп тұр.
«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды