Шымкентте мектеп оқушылары бес баланың әкесін ұрып өлтірді

27.11.2023, 11:59
2621
Шымкентте мектеп оқушылары бес баланың әкесін ұрып өлтірді El.kz/Нүркен АЛИШЕВ

Шымкентте бес баланың әкесі мектеп оқушыларынан таяқ жеп қайтыс болды. Марқұмның әйелі Алтынай Айтқұлова «Көреміз» бағдарламасынан көмек сұрады. Бұл туралы massaget.kz сайты хабарлап отыр.

Алтынай Айтқұлованың айтуынша, 9 қыркүйекте күйеуін базар маңында бір топ оқушы ұрып, аяусыз соққыға жыққан. 39 жастағы ер адам оқиға орнында мерт болған. Марқұмның жақындары кінәлілер жазадан жалтарып кете ме деп отыр.

Бұл балалар қыздардың алдында өзін көрсеткісі келіп, сол жерде құлатып, быт-шытын шығарып кетеміз деген оймен істеген ғой. Жарты сағаттай төбелес болған. Тағы екі бала келген. Олай келмей тұрып күйеуімді ұрған. Төбесінен жұдырықтап ұрған. Сол жерде үлкен кісі ғой деп тастап кетсе болады ғой. Жоқ, бұлар жалғастырып ұрған, бір-біріне лақтырып, сүйреген, – дейді марқұмның әйелі.   

Оның айтуынша, күйеуі далада екі сағаттай жатып қалған. Марқұмның артында әйелі жесір, бес баласы әкесіз қалды. Балаларының үлкені 12-де болса, кенжесі 4 жаста екен. Сол күні ер адам жұмыстан келгеннен кейін сыра іздеп, қалаға шығып кеткен. Алтынай Айтқұлованың айтуынша, күйеуі ішімдікті жиі ішпейтін, тек арасында ғана ішкен. 

Отасқанымызға қазан айында 15 жыл болды. Күйеуім ағасының қолында көмекшісі болып жұмыс істейтін еді, – дейді Алтынай Айтқұлова. 

Оның сөзінше, күйеуі оны ұрып кеткен жігіттерге таңғы 4-тер шамасында кезігіп қалған.  Алтынай Айтқұлованың сөзінше, күйеуін ұрып кеткен балалар – кәмелетке толмаған оқушылар. 

Күйеуім оқушылардан су сұрапты. Ішкен күйінде. Олар «жоқ» деген. Күйеуім «мына жерде» тұрам дегендей түсіндіріп тұрған ғой. Сосын күйеуім оларды құшақтаған. Ішіп алған кезде ондай мінез шығармайтын. Күйеуім құшақтаған кезде екі бала оны итеріп, артқа шегініп ұрып, төбелес басталып кеткен, – дейді Алтынай Айтқұлова. 

Әйелдің сөзінше, бұл іс бойынша тек бір жігіт күдікті деп танылған. 

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған