1360

Ақмолада 20 тонна жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды

Ақмола облысында «Көкшетау – Рузаевка» тас жолында көктайғақтан жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ақмолада 20 тонна жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды
Ақмола облысы ПД

Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға «Көкшетау – Рузаевка» тасжолының 21-шақырымында болды.

Рузаевка бағытында жүріп бара жатқан «Вольво» көлігінің жүргізушісі – 21 жастағы ақтөбелік көктайғақтың салдарынан рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылды. Анықталғандай, жүргізуші Астанадан Ақтөбе қаласына 20 тонна жұмыртқа тасымалдап бара жатқан, - деді ведомстводан.