Ақтау портында жаңа мұнай құю танкерлерін салтанатты қабылдау рәсімі өтті

27.11.2023, 13:42
1197
Ақтау портында жаңа мұнай құю танкерлерін салтанатты қабылдау рәсімі өтті kmg.kz

26 қарашада Ақтау портында «Taraz» және «Liwa» танкерлерін салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Мұнай құю танкерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мен Abu Dhabi Ports Group (ADP) арасындағы ынтымақтастық аясында сатып алынды. Дедвейті 8000 тонна жаңа кемелердің иесі — «Caspian Integrated Maritime Solutions Ltd» (CIMS) бірлескен кәсіпорны. Бұл компанияның акционерлері — «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚМГ еншілес кәсіпорны) мен International Maritime Investments Ltd (ADP еншілес ұйымы).

Салтанатты іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Қазақстан Республикасындағы елшісі Мұхаммед Саид Әл-Арики, ADP Басқарма Төрағасы Мұхаммед Джума Әл-Шамиси, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры Айдар Оржанов және т. б. құрметті қонақтар қатысты.

ҚМГ басшысы іс-шарада сөйлеген сөзінде танкерлерді сатып алу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық көмірсутек тасымалы экспортының бағыттарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылғанын атап өтті.

«Біз жаңа танкерлерді сатып алып, Транскаспий бағытын дамытуға маңызды қадам жасадық.  Бұл ретте Abu Dhabi Ports Group Басқарма Төрағасы Мұхаммед Әл-Шамиси мырзаға жемісті ынтымақтастық қарым-қатынасымыз және бірлескен жобаны табысты жүзеге асырғанымыз үшін алғыс білдіремін. Болашақта жаһандық логистика нарығына шығып, қызметін қарқынды дамытуды мақсат етіп отырған біздің бірлескен кәсіпорын үшін бұл өз флотын кеңейтуге жол ашады», — деді өз сөзінде М.Мырзағалиев.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ADP  Басқарма Төрағасы Мұхаммед Джума Әл-Шамиси мен БАӘ тарапын халықаралық Ақтау теңіз сауда портына жаңа мұнай құю танкерлерін тіркеу рәсімімен құттықтады. Сонымен қатар Маңғыстау облысының әкімдігі екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және еліміздің көлік-логистика саласын дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсететінін айтты.

Мәртебелі қонақтардың сөзінен кейін екі елдің әнұрандары орындалып, танкерлердің «өкіл аналары» ресми қабылдау рәсімін өткізді. «Taraz» танкерін қабылдау құрметіне Қазақстанның білім саласының Еңбек ері, ардақты ұстаз Аягүл Төреқызы Миразова шақырылды. Ал «Liwa» кемесін БАӘ-ден келген Мубарака Әл-Мазроуей ханым қабылдады.

Танкерлердің бірі Қазақстанның ежелгі шаһары — Тараз қаласының атымен аталса, екіншісіне БАӘ-дегі Liwa алқабының аты берілгенін атап өткен жөн.

Мұнай құю кемелері нидерландық «Damen» концернінің верфінде салынған. Танкерлердің ұзындығы — 140 метр, ені – 16,7 метр, шөгуі — 4,2 метр, жылдамдығы — 10 түйін. Олар озық басқару жүйелерімен жабдықталған, жоғары техникалық мүмкіндіктерге ие, заман талабына сай болғандықтан берік әрі тиімді. Танкерлер халықаралық қауіпсіздік стандарттарына, экологиялық талаптарға сай жасалған.

Жоспарға сай жаңа танкерлер биыл желтоқсанда пайдалануға беріледі. Олар Қазақстан мұнайын Каспий теңізі арқылы тасымалдауға жұмылдырылады.

Ресми рәсімінен кейін қонақтар кеме бортына экскурсия жасауға шықты.

Еске салсақ, 2023 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан мұнайы Ақтау- Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша жылына 1,5 млн тонна көлемде жөнелтіле бастады. Біздің еліміз бен Әзербайжан паритет негізінде мұнайды Ақтау – Баку теңіз бағыты бойынша тасымалдайды. Жаңа танкерлер қазақстандық тараптың жылына 750 мың тонна көлемінде мұнай тасымалдау міндеттемесін толық орындауға мүмкіндік береді. 

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)