Аштықтан жүдеп, жүре алмаған: Алматы облысында 6 жасар бала ауруханаға жеткізілді

28.11.2023, 11:46
458
Аштықтан жүдеп, жүре алмаған: Алматы облысында 6 жасар бала ауруханаға жеткізілді canva.com

Алматы облысы аумағында «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Іс-шараны Алматы облысының прокуратурасы Полиция департаментімен және басқа мүдделі органдарымен бірге қолға алған. Бұл туралы Kazinform ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.

Облыстық прокуратура мәліметінше, жоба балалардың құқығын қорғауға бағытталған. Негізгі мақсат – зорлық-зомбылық көру қаупі бар немесе оған ұшыраған балаларды анықтау.

«Мобильді топтар бір айда 400-ден астам отбасын тексерді. Оның ішінде полиция және пробация органдарында есепте тұрған тұлғалар, тұрмысы қолайсыз, толық емес және табысы аз отбасылар, сондай-ақ балалар өгей әкелерімен тұратын отбасылар бар. Мысалы, Іле ауданында аштықтан жүдеу, сөйлеуге және жүруге мұршасы қалмаған 6 жасар Ч.М. анықталды. Бала «екі жақты пневмония» диагнозымен жедел түрде аудандық ауруханаға жатқызылып, медициналық көмек көрсетілді», – деп атап өтеді прокуратурадан.

Ведомство мәліметінше, баланың ата-анасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар қамқоршылық орган олардың ата-ана құқығын шектеу туралы талаппен сотқа жүгінген.

«Райымбек ауданында 3 баласы аштықтан жүдеген отбасы анықталды. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, қысқы қиім сатып алынды. Екі бала жазылған соң балабақшаға, ал үлкені мектеп-интернатқа орналастырылады. Балқаш ауданында 3 отбасында өгей әкелері балаларды ұрып-соққаны анықталды. Полиция органдары кінәлі тұлғаларға қатыcты ӘҚБтК 73-2-бабы (Ұрып-соғу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады», – делінген прокуратура ұсынған мәліметте.

Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды