1031

Петропавлда анасы мен өгей әкесі 7 жасар қызды ұрып-соққан

Петропавлда жеті жасар қыздыанасы мен өгей әкесі соққыға жыққан. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Петропавлда анасы мен өгей әкесі 7 жасар қызды ұрып-соққан
nege.kz

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық полицияның мәліметінше, 2023 жылдың 23 қарашасы күні кешке Петропавлдағы орта мектептердің бірінің медицина қызметкері екінші сынып оқушысының денесінен ұрып-соғу белгілерін анықтап, полицияға хабарлаған.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша Петропавл қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада. 

Тергеу барысында 2-сынып оқушысының жарақатына оның 26 ​​жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі себеп болғаны анықталды.

Олар баланың тәртібі дұрыс болмағанын алға тартып, өз кінәларын жоққа шығармады.