Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі таратқан ақтаулық тұрғын ұсталды

28.11.2023, 17:25
818
Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі таратқан ақтаулық тұрғын ұсталды Polisia.kz

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі таратқан ақтаулық түрғын ұсталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Оның тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде ұнтақ тәрізді консистенциялық заты бар буылған орамдар тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол жалпы салмағы 214,9 граммды құрайтын А-PVP синтетикалық есірткі заты анықталды.

Ақтаулық азамат арнайы қосымша арқылы есірткіні қоятын орындардың координаттарын хабарлап отыратын жетекшінің нұсқауы бойынша әрекет еткен. Бірінші тапсырманы алғанға дейін ол жасырын орындарға белгі қоюға және фотоесеп жіберуге қашықтықтан оқып, үйренген. Орындалған жұмыс үшін оған криптовалютамен еңбекақы төленген.

Құрықтау кезінде күдікті тыйым салынған заттарды қалдырып үлгерген жасырын орындарды көрсетті. Күдік туғызбас үшін ол мекенжайларға жаяу барып жүрген. Ер адам ата-анасының үйінен көшіп кетіп, арнайы жалдамалы пәтерде есірткі заттарын орамдарға буып-түйіп отырған. 

– Ұсталған адам Тараз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол Маңғыстау облысының тумасы, 2 жыл бұрын Таразға көшіп келген. Еш жерде жұмыс істемейді. Есірткі құралдарын жеткізумен шамамен 2 ай бұрын айналыса бастаған. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар барлық адамдарды анықтау бойынша жұмыс жасап жатыр, – деп атап өтті облыс ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды