Алматыда қоқыстарды сұрыптау кезінде аңшы мылтығы табылды

28.11.2023, 18:18
1180
Алматыда қоқыстарды сұрыптау кезінде аңшы мылтығы табылды Polisia.kz

Алматыда қоқыстарды сұрыптау кезінде аңшы мылтығы табылды.

Smartnews.kz сайтының мәліметінше, полицияға қоқыс сұрыптайтын зауыттан дабыл келіп түсті. Абоненттің айтуынша, металл бұйымдар қоймасынан қару табылған. Оқиға орнынан жедел-тергеу тобы ТОЗ-12 маркалы 12 калибрлі мылтықты тәркіледі. Бұл дерек бойынша тергеу басталды.

Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша қарудың кімдікі екені және қайдан алынғаны анықталатын болады. Полиция қазіргі уақытта өткізіліп жатқан кең ауқымды республикалық "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы аясында азаматтық және қызметтік қару иелері мен пайдаланушыларының қару айналымы ережелерін сақтауына қатысты тексеріс жүргізіліп жатқанын еске салды.

– Іс-шара басталғаннан бері қаруды сақтау ережелерін бұзудың 190-нан астам дерегі анықталды. Сонымен қатар заңсыз айналымнан 8 бірлік тіркелмеген қару, сондай-ақ тегіс ұңғылы қарудың патрондары тәркіленді. Аталған деректер бойынша тиісті полиция бөлімдерімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алматы полициясы қару иелерін азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауға, рұқсаттардың қолданылу мерзімін және оларды тұрғылықты жері бойынша сақтау ережелерін қатаң сақтауға шақырады, –  деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды