Пайғамбардың карикатурасы үшін мұғалімнің басын шауып тастаған жасөспірімдердің соты басталды

29.11.2023, 09:44
12204
Пайғамбардың карикатурасы үшін мұғалімнің басын шауып тастаған жасөспірімдердің соты басталды ALAIN JOCARD/AFP

Францияда 2020 жылы мектеп мұғалімі Сэмюэль Патидің өліміне қатысты алты жасөспірімнің соты басталды.

Шешенстандық Абдулак Анзоров Самюэл Пати мектеп оқушыларына сабақ үстінде Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткені үшін оның басын кесіп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС сайтына сілтеме жасап хабарлап отыр.

Оқиға Париж іргесіндегі Конфлан-Сент-Онорин қаласында орын алды. Абдулак Анзоровтың өзі сот отырысына қатыспаған, оны полиция 2020 жылы қылмыс орнында атып кеткен. Ал алты жасөспірім мұғалімнің өліміне себепкер болып, оны қаскйге ұстап берді деп айыпталып отыр. Сэмюэль Пэти мерт болған кезде мектеп оқушылары 13 пен 15 жас аралығында болған. Енді олар екі жарым жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

13 жастағы оқушы әкесі Брахим Чинге Сэмюэл Патидің оны сабақтан қуып жібергеніне шағымданған. Мұғалім барлық мұсылмандардың сыныптан шығуын талап еткен. Осыдан кейін оның әкесі әлеуметтік желілерде Патиді жұмыстан шығаруға талап ететін видео жариялады. Прокурорлардың пайымдауынша, дәл осы видео Абдулла Анзоровтың кісі өлтіруіне, Нормандиядан Конфлан-Сент-Онорин қаласына дейін шамамен 80 шақырым жол жүріп келуіне итермеледі. Ал тергеу қыздың сол күні сабақта тіпті болмағанын анықтады.

Қалған бес күдікті 300 еуроға Патиді табуға көмектескен деген болжам бар. Келесі жылы Францияда осы сенсациялық кісі өлтіруге қатысы бар деп айыпталған Брахим Чинді қоса алғанда, сегіз ересек адамға қатысты екінші сот процесі басталады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді