1009

Өрт болған хостелдегі бір орын құны 2000 теңгеден басталған

Өрт шығып, 13 адам қаза болған Алматыдағы хостел қала орталығындағы Алмалы ауданы, Әди Шәріпов көшесі, 86 мекенжайында орналасқан. Бұл туралы Кazinform хабарлайды.

Өрт болған хостелдегі бір орын құны 2000 теңгеден басталған
2Gis

«Almaty Hostel» деп аталатын жатақхана терезелері жоқ жертөледе жасақталған. 2Gis электронды анықтамалық сервисіне орналастырылған мәліметке сүйенсек, хостелде тұру бір орынға 2000 теңгеден басталады, орындар саны — 100-ге дейін.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың сөзінше, хостел 1,5 ай бұрын ашылған. Мұнда көбіне Өзбекстан, Қырғызстан, Пәкістан елдерінің азаматтары тұрған. Арасында қазақстандықтар да болған.

Мерт болған 13 адамның дені медицина университетінде оқитын шетелдік студенттер болғаны туралы ақпаратты агенттік тілшісі нақтылап жатыр.