"Айтуға бата алмадым": Түркістан облысындағы бала өліміне қатысты тың деректер шықты.

05.12.2023, 10:15
9043
"Айтуға бата алмадым": Түркістан облысындағы бала өліміне қатысты тың деректер шықты. коллаж

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Түркістан облысындағы бала өліміне байланысты әлеуметтік желіде жазба жариялады.

"Қош, періште. Күллі Түркістан жұрты 3 күн іздеп, барша ел алаңдаған 4 жасар Айбардың денесі табылды.

1/12 екі кеш арасында ойнаймын деп көшеге шыққан бала ізі-қайым жоғалды. Ол әдетте үй маңынан ұзамайтын дейді анасы Әйгерім. Ойнаса да алысқа бармай көршінің баласымен ғана бір нүктеде отырып ойнайтын, қайда кетуі мүмкін деп алаңдайды. Сол кеште-ақ полицияға хабар берілді. Балақайдың туған-туыстары мен ауыл жұрты із кесіп шықты.

Түн өтіп, таң атқанымен Айбартай табылмады. Алаңдаған жұрт белгілі экстрасенс @kamransamedov89 шығып, жөн сұрайық деп шешеді. Кямранға қанша хабарласқанымен байланыса алмаған жұрт маған шығып сөйлесіп беріңізші деп өтінеді. Бәрі менің қолымда тұрса қане!

Дегенмен, Айбардың анық фотоларын жүктеп мән-жайды жекесіне жібердім. Бір қарасам:

“Кямран өзінің Сочи жақта көшіп-қонып жүргенін айтып, байланыс нашар деді. Айбардың фотосына қарай салып он теплый, живой, ищите возле воды, далеко не ушел” дегенді жеткізіп үлгерді. 2-ші тәулік. Күндіз баланың анасымен сөйлестім. Өз айтарын видеомен жеткізуін сұрадым. Бірақ, ары қарай анасынан еш хабар болмады.

Кешке директі қарасам @kamransamedov89 : он полу теплый вижу, половина теплый, половина холодный, надо спешить Гульмира ханым, воду вижу, влага, дом, недалеко” депті. Баланы жақын жерден, су маңынан іздеңіздер, деп сториске салып қойдым. Бірден @turkistan_polisia барлық ақпарат назарға алынғанын жеткізді.
Жалпы, менің байқағаным егер, кенеттен балаңыз жоғалып ол су маңында десе есте болсын. 

Су деген жылтыраған үлкен айдын көл, өзен ғана емесКішкентай лоток, канал, септик, люк, шалшық, тіпті, көршінің дәретханасы болуы да бек мүмкін. Су дегені ылғал дегенді білдіреді екен.

03/12. 01:50 Кямраннан тағы бір смс келіпті, сумен байланысты жерде жатыр бала, вряд ли живой деп қосыпты. Әкесіне шет жағасын айтайын деп ем тыңдағысы келмеді, анасымен қазірге дейін 3 рет байланыстық, оған соңғы смсті айтуға бата алмадым. 

03/12/23 сағат 15-терде бүкіл ел-жұрт бірнеше шақырымнан іздеген Айбардың денесі көршінің септигінен табылды.

Қош, періште! Қара жамылған отбасыға қайғыра көңіл айтамын", - деді жазбасында. 

«Қатты ренжітіп алдым…»: Айгүл Иманбаева әріптесі Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады Қазақ жігіт әйгілі футболшы Роналдиньоға шапан жапты «Халықты әбігерге салғанша, банктерді қысайық» – депутат Ермұрат Бәпи «Louis Vuitton, Prada»: Қарақат Әбілдина туған күніне келген өте қымбат сыйлықтарды көрсетті «Үй жанындағы» дүкен иелеріне жаңа салықтан қорқудың қажеті жоқ – Ұлттық экономика министрі Енді байларға да «сән-салтанат салығы» салынатын болады Мотоцикл жүргізуші жол жиегінде отырған жұмысшы ерлі-зайыпты мен жас жігітті қағып өлтірді Астанада әйел адам араға 59 жыл салып анасын тапты Жиһад насихаттап, әскер жасақтаған шымкенттік 8 жылға бас бостандығынан айырылды «Онлайн эфир болмайды»: Шерзаттың өліміне қатысты сот Талдықорғанда өтеді АҚШ-тың Қазақстанға енгізген баж салығын Үкімет есептеп жатыр «Колледж бітірген маңғыстаулық қыз»: Сәкен Майғазиевтің болашақ келіні кім екені белгілі болды Дауға айналған «НДС»: Қосымша құн салығының мөлшері 16% болады Астаналық 8 жасар ерекше бала марафондарды бағындыруда Полицейді көлігінің капотында сүйреген тұрғын сотталды Былтыр ғана тағайындалған «Барыс» клубының бас директоры қызметінен кетті «Эмоцияға берілмеуге көмектеседі»: Енді елімізде ажырасу қымбаттайды Тұман, найзағай, шаңды дауыл: 9 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ақбота Керімбекова Қытайға барып, 7 айдан бері көрмеген ұлымен қауышты Қоғамдық орында пранк жасаған блогерлер жазасын алмақ