"31 балам бар". Дарын Мубаров төрт әйелінен қанша ұрпақ сүйгенін айтты

07.12.2023, 02:25
5450
"31 балам бар". Дарын Мубаров төрт әйелінен қанша ұрпақ сүйгенін айтты massaget.kz

Дарын Мубаров TALK LIKE бағдарламасында 31 баласы барын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарлама мәліметінше, Дарын Мубаровтың төрт әйелі бар, бірінші жұбайымен 19 жасында шаңырақ көтерген.

"Жастары есімде қалған жоқ. Дінде жүргеннен кейін мендегі сезім мынадай екен: бірінші шариғатты қоямын, шариғаттан кейін ақыл тұрады, одан кейін сезім тұрады. Сезімі жоқ адам деген емес. Сезім болады ғой. Екінші жолдасымды алуға бірінші жолдасым себеп болды. Қарағандыда сабақ беріп жүрген кезде свет төлей алмай қаласың, қиналасың ғой. Келіншегім базарда тұрып жұмыс істеу керек болып қалды. Мен медреседе сабақ беруім керек болып қалды. Жұмыс істеп жүрген кезде қасында мұсылман қарындаспен сөйлеседі. Әңгімеден әңгіме тереңдеп кетіп, "иә, жолдасыңызды танимын, шығуға келісімімді берер едім" дейді. Қарасам, жас қыз екен. Текті, түрі - бәрі бар. Туған-туысқандары да мықты. ...Біраз ойландым. Кейін келісімге келдік. "Әкеңнің алдынан өтеміз" дедім. Ол кісі келісті. ...Әрқайсының өз себептері болды, сөйтіп алдық ", - дейді ол.

Аман Тасыған Дарын Мубаровқа "Уағызыңызда 20 балам бар, 17-сі өзімнен, үшеуі әйелдерімнің артынан келген деп айттыңыз ғой. 20-мен тоқтаттыңыз ба" деген сұрақ қойды. 

"Ол тоқтамайды ғой. Аллахтың қалауымен болатын нәрсе. Қазір балаларымның саны - 31. Бәрін қосқанда. Аналарымен ілесіп келген үш балам бар, олар да өз баламдай болып кеткен, өте жақсы көремін. Әкелері жол апатынан қайтыс болған. Аналарын үш баласымен алғанмын. Өзімнің белімнен тарап отырғаны - 28 бала", - дейді Дарын Мубаров.

«Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты «Жаппай Каспийге бет алды»: Израиль шабуылынан кейін мыңдаған адам Ираннан қашуда