989

Ақтөбеде интимдік қызмет көрсеткен қыздар тобы анықталды

Ақтөбеде интимдік қызмет көрсеткен және интимдік сипаттағы массаж жасаған 60 қыз анықталды.

Ақтөбеде интимдік қызмет көрсеткен қыздар тобы анықталды
polisia.kz

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, 1-3 желтоқсан аралығында республика аумағында “STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның барысында Ақтөбе қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік қызмет көрсеткен және интимдік сипаттағы массаж жасаған 60 қызды анықтады.

"Аталған адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы, ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 4 массаж салоны мен бір сауна анықталды, оның иелері ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада. 

Ақтөбе облысы полиция департаменті тұрғын үй-жайларды жалға берумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді және риэлторлық қызмет көрсететін ұйымдарға жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жайларды ұсыну әкімшілік құқық бұзушылыққа жататынын және ол үшін 100 АЕК және одан жоғары мөлшерде айыппұл қарастырылғанын ескертеді.