864

Ақтөбеде жоғалған үш қыз жалдамалы пәтерден табылды

Ақтөбе қаласындағы «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан қашып кеткен үш қыз бір тәулік өткен соң жалдамалы пәтерден табылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ақтөбеде жоғалған үш қыз жалдамалы пәтерден табылды
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен үш қызды тапты.

Тексеру барысында олардың жалдамалы пәтерде екендігі анықталды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған тәрбиеленушілер Ақтөбе қаласы полиция бөліміне жеткізілді. Үшеуі үш түрлі мектепте оқиды, - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қыздардың үшеуі де орталықтан сырт киімсіз шығып кеткен. Олардың киім алғанын фотодан көруге болады.