774

Шымкентте ойын клубының операторына шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды

Бұған дейін ол 3 миллион 800 мың теңгесін ұтылып, материалдық шығынның орнын қарақшылықпен толықтыруға бел буған.

Шымкентте ойын клубының операторына шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды
polisia.kz

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, мекеме қызметкерін пышақпен қорқытқан қаскүнем сейфтегі 4 миллион теңгені иемденіп, ізін суытқан. Жәбірленуші оқиға туралы дереу полицияға хабарлаған.

Жедел уәкілдері күдіктіні қала аумағында ”ізін суытпай“ ұстады. 28 жастағы жергілікті тұрғын УҰИ-ға қамалды.

ҚР ҚК 192-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.