Елордада қонақүйге келуші қызметшілер бөлмесінен ақша жымқырған

12.12.2023, 13:51
1315
Елордада қонақүйге келуші қызметшілер бөлмесінен ақша жымқырған polisia.kz

Елордалық полицейлер қызметшілер бөлмесінен ақша ұралаған қонақ үйге келушіні анықтады.

Smartnews.kz сайтының мәліметінше, полицияға елордалық қонақ үйлердің бірінің әкімшісі жүгініп, белгісіз біреу оның ақшасы мен құлаққабын ұрлап әкеткенін айтып арызданған.

Алматы ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен елорданың 19 жастағы тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында жас қыздың әлеуметтік желіде танысқан ер адаммен оң жақ жағалаудағы қонақ үйге барғаны анықталды. Бөлмеден кетер кезде бойжеткен қызметшілер бөлмесінің ашық тұрғанын байқап, қылмыстық оймен қонақ үй қызметшілері жоқ сәтті пайдаланып, бөтеннің 20 мың теңге ақшасы мен құлаққабын алып кеткен. 

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған қыз мойындау көрсетпелерін берді, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды