Алаяқ астаналық тұрғындарға концертке жалған билет сатқан

13.12.2023, 09:25
795
Алаяқ астаналық тұрғындарға концертке жалған билет сатқан polisia.kz

Алаяқ астаналық тұрғындарға концертке жалған билет сатқан. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қазіргі уақытта Алматы ауданының полиция бөліміне алданған 8 азамат жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қызметкерлер Ақтөбе облысының 23-жастағы тұрғынының қатысы барын анықтады.

Жас жігіт OLX хабарландыру қызметін пайдаланып, әйгілі әншінің концертіне билеттер сатқан. Билеттердің құны 10 мың теңгеден 45 мың теңгеге дейін болған.  Сатып алушылар төлемдерді банктің мобильді қосымшасы арқылы жіберген.

Сатушы билетті WhatsApp арқылы жіберуге уәде берген. Алайда алданған азаматтар ақыры билеттерін алмағанын айтып, полицияға хабарласқан. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер елорда аумағында жасалған алаяқтықтың осыған ұқсас фактілеріне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.


Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады