Ақтөбелік тұрғын арзан бағада шырша аламын деп алаяққа алданып қалды

13.12.2023, 16:56
676
Ақтөбелік тұрғын арзан бағада шырша аламын деп алаяққа алданып қалды polisia.kz

Ақтөбелік тұрғын арзан бағада шырша аламын деп алаяққа алданып қалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ақтөбе қаласы полиция басқармасына 46 жастағы жергілікті тұрғын белгісіз біреуге жалпы сомасы 63 мың теңге көлемінде ақша аударғаны туралы өтінішпен жүгінді.

Жүргізілген іс-шаралар барысында жәбірленуші Instagram әлеуметтік желісінде жаңа жылдық  шырша сату туралы жарнаманы көрген. Оған құны 63 мың теңге болатын 2,5 метрлік жасанды шырша сатып алу ұсынып, үлкен жеңілдік жасалып, тегін жеткізілетіні туралы уәде еткен. 

Тауарды сатып алудың міндетті шарты 100% алдын ала төлем екені көрсетілсе де, сатып алушы күмәнданбаған. Әйел мобильді ұсыныстың көмегімен ақшаны көрсетілген банк деректемелеріне аударған.

Алайда осы уақытқа дейін шырша жіберілмегені және олардан ешқандай жауап қайтарылмағаннан кейін алданғанын түсінген. Өкінішке орай, бұл факті биылғы жылы бірінші рет болып отырған жоқ. Полицияға әлеуметтік желілер арқылы сатып алу кезінде алаяқтардың әрекеттерінен зардап шеккендерден күн сайын өтініштер келіп түседі.

Осы факті бойынша тексеру жүргізілуде, орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады