Атырауда қаңғыбас адамдарға арналған жаңа орталық ашылды

18.12.2023, 14:42
559
Атырауда қаңғыбас адамдарға арналған жаңа орталық ашылды atyraupress

Өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларды қайтадан әлеуметтендіру орталығының ескі ғимараты бұзылып, оның орнына жаңасы салынды.

Smart News басылымының хабарлауынша, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған үш қабатты орталықта жеделсаты, жуынатын бөлме, демалыс бөлмелері мен асхана бар. Бұл туралы AtyrauPress ақпарат агенттігі жазды.

Жаңа үшқабатты ғимарат 7 орынға шақталған. Оның бірінші қабатында үйсіз-күйсіз жүргендер уақытша қонуға келетін жатын орын орналасқан. Қазір бұл мекемеге түнгі уақытта жатын орын іздеп келетіндер қатары 14-ке дейін артып отыр. Олардың төртеуінің жұмысы бар. Ал екінші қабатта баспанасыз көшеде қалғандар тұрып жатыр. Күн суытқалы бері ондағылардың қатары артыпты. Ал үшінші қабатта әкімшілік қызметкерлері жұмыс істейді.

- Орталықта белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдар тұрады. Олардың арасында 43 жыл қызмет еткен ер адам бар. Тұрғындардың бірі - қоғам белсендісі.  Олар үшін күніне үш рет тамақтану қарастырылған. Төсек тартып жатқан мүгедектерге жаялықтар беріледі. Біздің барлық қонақтарымызға психологиялық көмек көрсетіледі, - деді орталық директоры Мереке Жаңбырбаев.

Қонақтарға ыңғайлы болу үшін жаңа ғимаратта жеделсаты қарастырылған.  Әр бөлмеде кереуеттер мен киім ілетін шкаф бар. Жалпы демалыс бөлмесінде теледидар орнатылған. Жаңа нысан хостел (жатақхана)  іспетті.

Орталық басшысының айтуы бойынша, панасыз қалған бір адамға мемлекеттен  жылына 265 мың 824 теңге бөлінеді. Оның ішіне тамағы, сонда тұруы, гигиеналық құралдары мен басқа да қажеттіліктері кіреді.

Қайрат Нұртастың әйелі балалары автобуспен жүретінін айтты (ФОТО) «Мені тойға шақыра бермеңдер!»: Астаналық бойжеткеннің видеосы желіде пікірталас тудырды (ВИДЕО) Мамырда Қазақстанның оннан астам өңірінде құрғақшылық болады Каспий жағалауында тағы да итбалықтар мен құстар қырылып жатыр (ВИДЕО) Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірді Токиода қазақтың күйін әуелеткен жапон музыканты жұртты тәнті етті (ВИДЕО) «Американың Невадасы жолда қалды»: Желіде Тұзбайырдың табиғаты көпті таңғалдырды (ВИДЕО) Макрон мен Мерц Ресейге санкциялармен сес көрсетіп, Украинаны қолдауға уәде етті «Талайды тірілттім»: Астанадағы парадқа кіре алмаған ардагер сұхбат берді Еуропаның төрт ел басшылары бітім тақырыбын талқылау үшін Киевке келді Баян Алагөзова алғаш рет кішкентай қыздарын көрсетті (ФОТО) Елордада ұландықтар ұстамасы бар қызды құтқарып қалды «Алаяқ банкирлер»: банк пен микрокредиттің қызметкерлеріне қатысты 61 іс тергеліп жатыр Димаш әйгілі әнші Лара Фабианмен дуэт орындайды Ақтөбе облысында жол апатынан автобус жүргізушісі қайтыс болды Белгілі ақын Темірхан Медетбек өмірден өтті Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam турнирінде күміс жүлде алды Путин гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады Астанада Жеңіс күніне арналған «Бейбіт аспан астында» атты ауқымды мереке өтті