Су басу қаупі жоғары: Жетісу облысында қар еріп жатыр

18.12.2023, 19:55
978
Су басу қаупі жоғары: Жетісу облысында қар еріп жатыр ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ескерту жасалды.

Smart News басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК-ның ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері Жетісу облысында ауа температурасы +3 градусқа дейін көтеріліп, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ, тұман түсуі мүмкін. Бұл туралы Kazinform басылымы жазды.

Осыған байланысты Жетісу облысының ТЖД өзендердегі мұздар еріп, су деңгейінің көтерілуі, таулы аймақтарда қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертеді.

Елді мекендерде жауын-шашын мен қардың қарқынды еруіне байланысты аула аумақтарын жергілікті су басып қалуы мүмкін.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтарға:

— үйлердің жанында орналасқан арықтар мен су өткізгіш құбырларды бітеп тастамау, оларды уақытылы тазалау;

— балалардың су айдындарына бақылаусыз шығуына жол бермеу, мұзда, тік жағалауларға бару қаупі туралы ескерту;

— таулардың қарлы беткейлеріне шықпау;

— ауа райының өзгеруін бақылап отыру және «112» телефонынан дауылды ескерту алған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес берілді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды