Сот үкімімен екеуі де 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділовтің айтуынша, Атырау облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері қаржы пирамидасының заңсыз әрекетін әшкерелеген.
«Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік береміз деген желеумен ақша салуды ұсынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде тұтыну кооперативінің қызметіне 300-ге жуық салымшы тартылғаны анықталды. Оның ішінде тек 35 адам шағым түсірді. Бұл шағым иелеріне келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгеден асты», - деп хабарлады Әлібек Әбділов.
Сот үкімімен «QazHome» тұтыну кооперативінің басшылары кінәлі деп танылды. Сотталушылардың әрқайсысына 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Қаражатты инвестициялау кезінде компанияның сенімділігін тексеру қажет. Осы мақсатта «Baiqa, piramida!» телеграм боты жұмыс істейді. Сонымен қатар Қаржылық мониторинг агенттінің сайтында қаржы пирамидаларының тізімі жарияланды», - деп мәлім етті Әлібек Әбділов.