Қазіргі уақытта Жамбыл облысы полиция департаментінің барлық бөлімі кезекші бөлімдеріне және жедел басқару орталығына 8610 бейнекамера қосылған. Тараз қаласының бейнебақылау жүйесін кеңейту аясында осы жылы “BriefCam” қоғамдық қауіпсіздікті талдау функциясы бар 300 бейнебақылау камерасы орнатылды.
“BriefCam” көмегімен әртүрлі сипаттағы бұзушылықтарды (оның ішінде қос жолақтардың қиылысы) анықтау үшін қажетті траекторияны анықтауға болады. Сондай-ақ адамдардың киімінің түсі, пішіні, бас киімінің болуы, велосипедтерде немесе басқа көліктерде болуын анықтауға, жол бойына талдау жасауға және іздеу жүргізуге болады.
“Freedom Telekom” ЖШС инвестициялық жобасы аясында Тараз қалалық ПБ ЖБО-ға шығара отырып, қаланың 6 саябағына WiFi нүктелерімен 60 бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. “Қауіпсіз қала” жобасы бойынша қала аумағында 1250 бейнебақылау камерасы, 48 “Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешендері жұмыс жасайды. “Қазақтелеком” АҚ “Бұлтты бейнебақылау” бағдарламасы аясында Тараз қаласы бойынша 180 көппәтерлі тұрғын үйдің 1140 подъездінде 2280 бейнебақылау камерасы орнатылған. Патрульдік жасақтардың қызмет өткеруіне бақылауды күшейту мақсатында шет елдердің оң тәжірибесі негізінде ішкі істер министрлігі смартфондар базасында бейнетіркегіштерді қолдану бойынша “Цифрлық полицей” жобасы іске асырылып жатыр.
Жоба шеңберінде барлық деңгейдегі (аудандық, облыстық, республикалық) ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне шығара отырып, бейнені нақты уақыт режимінде жазуға және трансляциялауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірленді. Жамбыл облысының Полиция департаменті “Цифрлық полицей” жобасына сәйкес қызметкерлерді жаңа 968 бірлік смартфон базасындағы бейнетіркегішпен қамтамасыз етті.
Бұдан басқа, бейнедеректерге (редакциялау, көшіру, жою) және жүйелік параметрлерге (GPS-модульді, мобильді желіні және т.б. өшіру) қол жеткізуді шектеуді көздейтін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылды. Жобаның нәтижелері бойынша қызметтік тәртіпті нығайту және қызметкерлердің дербес жауапкершілігін арттыру бөлігінде оң нәтиже бар.
Апаттылықты тұрақтандыру және жылдамдық режимін сақтау мақсатында қала мен облыстың автожолдарында “Автоураган” аппараттық-бағдарламалық кешендерінің 50 бекеті орнатылды. Сондай-ақ Жамбыл облысының республикалық және облыстық тас жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні 20 автоматтандырылған “АвтоСканнар МС” және 10 “Аркан” мобильді кешені жұмыс істейді.
Онда тіркелген барлық құқық бұзушылық автоматты режимде полицияның деректерді өңдеу орталығына және ҚР Бас прокуратурасының әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіліміне жіберіледі. “АвтоСканнар МС” және “Аркан” мобильді кешендерінің көмегімен осы айдың 11 айында 147 558 ұйғарым тіркелсе, “Автоураган” аппараттық-бағдарламалық кешенімен 169 87 құқық бұзушылық анықталды.
Бұл өз кезегінде түрлі ауыр салдарлы жағдайлардың және қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосады.