Қостанайда бір мезетте 10 көлік соқтығысты
Қостанайда ауа райының қолайсыздығы салдарынан бірден 10 көлік соқтығысты. Зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлап отыр.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
– 26 желтоқсан күні сағат 11.10 кезінде Қостанайдағы Абай даңғылы бойындағы «Астықжан» сауда үйінің маңында 10 көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды. Қазіргі уақытта оқиға орнынан бір адам медициналық мекемеге жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр, – делінген ведомство хабарламасында.