Қостанай облысында шетелдіктен құны 2 млрд теңге болатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді

27.12.2023, 16:15
686
Қостанай облысында шетелдіктен құны 2 млрд теңге болатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді polisia.kz

Қостанай облысында шетелдіктен құны 2 млрд теңге болатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

22 желтоқсанда “Ақбөкен” жедел алдын алу шарасы шеңберінде, Екатеринбург – Алматы республикалық автожолында Қостанай қаласынан шыға берісте, Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғыштан 29 жастағы жолаушыға, көрші шетел азаматына тиесілі үш жол сөмкесі табылды.

– Сөмкелерде ақбөкен мүйізі түріндегі 916 дериват, 7,5 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат болды. Болжам бойынша, құқық бұзушы мемлекетке шамамен 2 миллиард теңге шығын келтірген, – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байгонов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды және ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде қамауда отыр. Осы дерек бойынша полиция ҚР ҚК-нің 339-бабы 3-бөлігіне (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына заңсыз қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Тиісті сараптамалар кешені тағайындалды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды