1357

Мүгедек балаларға сақтау мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратылған

Оқиға Павлодардағы Ақсу қаласында болған.

Мүгедек балаларға сақтау мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратылған
ашық дереккөзден

Smart News басылымының хабарлауынша, Аяз ата сыйлығы жеуге жарамсыз боп шықты.

Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласында жаңажылдық шырша мерекесінде күтпеген жағдай болды.

300-ге тарта мүгедек балаларға берілген Аяз ата сыйлықтарының сақтау мерзімі өтіп кеткен. Бірақ оны бірден байқау мүмкін емес. Себебі қорапша маркировкаларындағы жазу көрінбес үшін үстінен жапсырма салған. 

Өкілетті органның мәліметіне қарағанда, жүріп-тұруы қиын балаларға сыйлықтарды демеушілер арқылы қалалық оқу бөлімі әкелген. 

Материал авторы