Шымкентте биіктен құлаған ағаш жұмысшыны басып қалды: жұмыс берушіге сот үкімі шықты

04.01.2024, 15:18
645
Шымкентте биіктен құлаған ағаш жұмысшыны басып қалды: жұмыс берушіге сот үкімі шықты Егемен Қазақстан

Шымкентте қауіпсіздік қағидаларын сақтамаған құрылыс фирмасының басшысы 2 жылға сотталды. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

Оқиға 2022 жылдың 16 қазан күні болған. Биіктен құлаған құрылыс материалы 22 жастағы жігітті басып қалды. Желіде тараған видеодан құрылыс аумағында үш жұмысшының тұрғанын көруге болады. Ал төбеден құлаған ағаш бірінің үстіне түскен. Салдарынан «Тұран 2» шағынауданындағы құрылыс алаңында жұмыс істеп жүрген 22 жастағы жігіт көз жұмды. 

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жұмыс беруші ЖШС басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы ҚК-нің 277-бабы 2-бөлігімен, яғни құрылыс жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздік қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеті бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Сотталушының жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлардың жиынтығын, ауырлататын мән-жайлардың жоқ екенін, жәбірленуші өкілінің кешіргенін, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындау туралы пікірін, сотталушының бұрын сотты болмағанын және ол жасаған қылмыс орташа санаттағы қылмыстарға жататындығын назарға ала отырып, шартты түрде соттауды тағайындады. Бұдан бөлек, 2 жыл мерзімге құрылыс саласында жұмыс атқаратын ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді