TоU ғылымы: ЖОО ғалымдары ғылыми жобалары бойынша грант ұтып алды

08.01.2024, 18:05
835
TоU ғылымы: ЖОО ғалымдары ғылыми жобалары бойынша грант ұтып алды gov.kz

Торайғыров университетінің ғалымдары 956 млн теңгеге гранттық қаржыландыру бағдарламасына қатысты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

ЖОО ғалымдары 2023 жылы 956 млн теңгеге гранттық қаржыландыру алды, оның ішінде «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша – 88 млн теңге, жас ғалымдар желісі бойынша – 72 млн теңге, зерттеудің басқа бағыттарына – 796 млн теңгеге жуық, сондай-ақ 42 келісімшарттық зерттеуге ие болды.

ToU ғалымдары экологиялық қауіпсіз құрылыс материалдары технологиясы, Ертіс өңірінің дәрілік шөптерінен табиғи фитопрепараттар өндіру, сүт және ет шаруашылығы бойынша ғылыми сараптама, сондай-ақ Солтүстік-Шығыс Қазақстанның тарихи дамуын археологиялық зерттеу және т. б. бағыттармен айналысады. Ғылыми жобаларға тартылған жас ғалымдардың үлесі 37% құрайды.

Мысалы, Республикалық «Шапағат-2023» өнертабыс саласындағы жетістіктер конкурсының жеңімпазы Александр Барукин әріптестерімен бірге электр станцияларының ашық тарату құрылғыларының сызбаларын әзірлейді, олар аналогтарға қарағанда сенімді болады және тіпті төтенше жағдайларда да жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз етеді.

«Соңғы 20 жылда әлемнің энергетикалық жүйелеріндегі техногендік апаттар әртүрлі істен шығулардың салдарынан орын алды, олардың арасында электр станцияларының ашық тарату құрылғыларының схемалары элементтерінің істен шығуы жиі болды. Сонымен қатар, тұтынушыларға келетін экономикалық зиян кейде аса үлкен мөлшерге жетеді. Өнертабыстардың түпкі мақсаты – электр станциялары үшін аналогтарға қарағанда сенімді болатын ашық тарату құрылғыларының жаңа схемаларын әзірлеу арқылы энергияны үнемдеу», - деп атап өтті ғалым.

Сондай-ақ, университет ғалымы Баянауыл ауданындағы плантацияларда дәрілік өсімдіктерді өсіруді ұсынды.

Виктор Камкиннің зерттеулері аймақта дәрілік өсімдіктердің 194 түрі жабайы өсетінін көрсетті. Сарапшылар ұзақ мерзімді болашақта дәрілік өсімдіктерді өсіру және олардың негізінде фитошай өндіру қазақстандық ББҚ нарығын ассортименті мен сапасы жағынан шетелдік аналогтардан кем түспейтін отандық шикізатпен қамтамасыз ететініне сенімді.

«Бүгінде Қазақстанда ғылымға тиісті көңіл бөліне бастады. Сондықтан ғалымдар өз істерімен нәтижелі айналысып, қоғамға пайда әкеледі. ToU-дың ғылыми қызметкерлеріне келетін болсақ, олардың жұмысы тек қолданбалы зерттеулер мен белгілі бір салада оң нәтижелі ғылыми зерттеулерге бағытталған. Олардың жұмысының арқасында біз зертханаларымызды жаңартып, ЖОО қызметкерлерінің біліктілігін арттыра аламыз», - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Торайғыров университетінде мұнай-химия, металлургия кешені бойынша жабдықталған зертханалық база, сондай-ақ жем-шөп, сүт, тұқымдық картопты талдау бойынша сертификатталған зертханалар бар. Қазірдің өзінде ғалымдар Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарының шаруашылықтарын технологиялық сүйемелдеуде және инновациялар енгізуде.

Университетте биология, электр энергетикасы, көлік, көлік техникасы және технологиясы, металлургия, филология, педагогика және психология бағыттары бойынша барлығы алты диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Сондай-ақ ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған 4 ғылыми журнал бар.

ToU-да өзінің мықты ғылыми мектептері бар, осындай жарқын мысалдардың бірі - Марк Яковлевич Клецель бастаған электр энергетикасы мектебі. Егер биыл университет 50 түрлі патент қорғаған болса, оның 31-і Марк Яковлевич пен оның қызметтестерінің жұмысы.

Сонымен қатар, университет ғалымдары жастармен тікелей мектеп қабырғасынан бастап жұмыс істейді, мысалы, белгілі археолог Виктор Мерц оқушылармен бірге нағыз экспедицияларға барады! Бірнеше ай бойы павлодарлық оқушылар мен студенттер теориялық білім алды. Балалар неолит және энеолит дәуіріндегі адамдардың тұрағын көптеген жылдар бойы зерттеп келе жатқан Борлы тұзды көлінің жағасына барды. Жаңадан бастаушы археологтар жерлеу рәсімдерін зерттеп, тіпті тарих үшін маңызды олжаларды өздері тапты.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді