Созақтағы көтерілісшілерді қырған қызыл командирлердің ескерткіш-моласы бұзылатын болды

11.01.2024, 15:20
609
Созақтағы көтерілісшілерді қырған қызыл командирлердің ескерткіш-моласы бұзылатын болды smartnews.kz

Шымкент қаласының қақ ортасында, адамдардың көп жүретін жері – орталық саябақта бір ғасырдан бері қызыл командирлердің ескерткіш түріндегі бейіттері тұр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Елдің тәуелсіздік алғанына отыз жыл өтсе де жергілікті билік елдің көзіне сүйел болып келген осы ескерткіш-моланы орнынан алу туралы шешім қабылдауға бата алмай келген еді. Бірақ осы мәселенің соңына шындап түскен белгілі жазушы, тарихшы, «Қаламгер» жазушылар ұйымының төрағасы Момбек Әбдәкімұлы ақыры істі соңына дейін жеткізді. Нәтижесінде қала басшылығы көтерілістерді басып-шаншыған қызыл командирлердің мүрделерін қала сыртындағы христиан зиратына қайта жерлеу туралы шешім қабылдады. 

Жуырда Момбек Әбдәкімұлы бастаған қаланың бір топ зиялы қауым өкілі қала әкіміне ұсыныс хат жолдаған екен. Онда келмеске кеткен кеңес ескерткіш-моласының қала ортасында тұруы оғаш көрініс екенін келтіріп жазған. Облыстық орыс тілді басылымға «Братская могила – памятник ушедшего времени» деген тақырыппен мақала басылған.

Мәселені көз алдымызға анығырақ келтіру үшін біз Момбек Әбдәкімұлының өзімен байланыстық. Ол былай деді:  

«Осыдан отыз төрт жыл бұрын, яғни Горбачевтың жариялылық заманында  сол кездегі қала басшылығына Шымкенттің орталық саябағында қызыл командирлер мен қызыл коммунарларға қойылған ескерткішті алып тастау туралы ұсыныс айттым. Жергілікті баспасөздерге «Әруақты қорлап тұр!» деген атпен мақала жарияладым. Одан кейін де осы мәселе жайлы көп жаздым. Сол кезде бір топ азаматтар да менің ұсынысымды қолдап, тиісті орындарға талап қойып жүрді. Алайда, ол уақытта  бұған назар аударған қала билігі болмады.

Оталық саябақта 1919 жылы Ашхабад маңындағы шайқаста қаза тапқан Черняев полкінің, яғни Шымкентте құрылған полктың сегіз қызыл командирі, содан кейін 1930 жылы Созақ көтерілісі кезінде қазақ шаруаларын қырған әрі сол шайқаста оққа ұшып, қаза тапқан жеті коммунардың, былайша айтқанда, қызыл әскердің мүрдесі жерленген.

1919 жылы Ашхабадтан өліктері әкелінген Крегер, Косарев, Ковалев, Версха, Штонда, Вишневский, Комнатный, Корнилов сияқты қызыл әскерлердің молаларының үстіне ағаштан белгі қойылады. Ал 1930 жылы Созақтағы қазақ шаруаларын қырған Клоков, Григоренко, Леонтьев, Дузен, Андреев, Трегубов, Захаров деген қызыл коммунарлардың өліктерін әлгі Ашхабадтан әкелініп жерленгендердің шығыс бетіне қатарласа қойып, мазарларының үстіне тастан белгі қояды. 1964 жылы алғашқы қойылған ағаш белгілер мен кейінгі тас белгілердің орнына екі қанатты бар үлкен обелиск орнатылады және оған осында жерленгендердің барлығының аты-жөндері жазылған арнайы тас-тақтайша ілінеді. Ол аздай, сол жылы үлкен обелискінің түбіне мәңгі алау жағылады. Сол алау 1997 жылдың басына дейін жанып тұрды. Сол жылдарға дейін бұл ескерткішке жаңадан үйленген жастар тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып жүрді. Қала қонақтары мен саябаққа қыдырып барғандар обелиск алдында суретке түсіп, «батыр коммунарлардың» өлі рухтарын асқақтатып, әспеттеп  жүрді.

2012 жылы қаладағы көптеген намысшыл жігіттердің айқайынан кейін обелискідегі коммунарлардың аты-жөндері өшіріліп, тұғыртас  бетіне қара-қоңыр түсті мрамор тас-тақтайшалар жабыстырылып, оған «Бауырластар зираты» деп жазылып қойылды. Ол кезде мұның дұрыс еместігін дәлелдеп, бұл ескерткішті түбегейлі алып тастау керектігі жайында талай ұсыныс айттық. Біріншіден, «Бауырластар зираты» деген атау оған келмейді. Өйткені «Бауырластар зираты» деп,  соғыста Отан үшін қаза тапқан бірнеше ұлттың жауынгерлері жерленген ортақ моланы айтады.  Екіншіден,  бұл жерде Отан үшін шейіт кеткендер емес, күні кеше Созақтағы шаруаларды қынадай қырған коммунарлар жерленген. Және де кешегі кеңес үкіметі осы ескерткіш арқылы жергілікті  халықтың мысын басып отыру үшін һәм қызыл коммунарлардың  аттарын мәңгі есте сақтау мақсатында оларды адамдар көп жүретін орталық саябақтың тура ортасына әдейі жерлеген. Қалай десек те, қала билігі осы күнге дейін бұл ескерткішті алып тастауға әлдекімдерден үркіп, жасқанғаны жасырын емес. Біз бұл мәселені былтыр кезекті рет көтергенбіз. Оны бұзуға қарсы болып жүрген біраз адамдармен сұхбаттасып, ескерткіштің өткен заманнан қалған белгі, ал  бүгінде түкке керегі жоқ нысан екенін әбден түсіндірдік. Әлбетте, жарасымды сұхбаттан кейін олардың ешқайсысы қарсы болған жоқ. Қала саябағының тура ортасында  моланың болуы, одан қалды, кеңес коммунарларына арналған тұғыртастың тұруы  саябаққа сән бермейді, қайта көзге қораш көрінетін тұрпайы белгі екенін түсінді. Бұл мәселені өткен жылдың аяғында қалалық қоғамдық кеңесте де көтердік. Ол жерде көтерген мәселеміз қолдау тауып, ұсынысымыз қалалық мәслихаттың қарауына жіберілді. Ол жерде де ұсыныс аяқсыз қалмай, қолдау тапқан еді. Ерекше қуанғанымыз    «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» демекші, бұл ұсынысты қаланың жаңа әкімі Ғабит Сыздықбеков қызу қолдады. Қала әкімінің ішкі саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Сәрсен Құранбек бұл бағытта аса белсенділік танытты. Сөйтіп, неше жылдан бері жыр болған орталық саябақтағы тұғыртас алынатын болды. Енді  жақын күндері көпшіліктің көзіне сүйелдей көрінген кеңестік тұғыртас мүлдем алынып тасталынады. Осылайша, қала азаматы ретінде менің отыз жылдан аса уақыттан бері көтеріп келе жатқан бір мұратым жүзеге асты...»

Момбек Әбдәкімұлы – халыққа кең тараған бірнеше тарихи романдардың авторы.

Ерекше қажеттілігі бар 100-ден астам жас қазақстандық IT мамандықтарын меңгерді Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызды қалай танытқанын айтып берді «Орынсыз қызғана берме»: Ғаділбек Жанай жұрттың көзінше әйелін жылатып қойды Астанаға халық ағылып жатыр, тұрғын үй жете ме? Бокстан Азия чемпионаты: Спортшылардың сыйақысы қанша? Ғылымның өнеркәсіппен байланысы: Тау-кен металлургия кешеніндегі ҒЗТКЖ қайта іске қосылады Доллар қанша өскенмен, жұмыртқа бағасы өспейді «Мен машинадан, ал Ердос ұшақтан қорқады»: танымал әнші қорқынышты жол апатына қалай түскенін айтты Доллар бағамы өсті, теңгенің тағдыры не болмақ? «Әлі ұйықтай алмаймын, ал ағам оны әлі іздейді»: Әнші Луина із-түссіз жоғалып кеткен анасын есіне алды «Тіл табыса алмадық»: Әсел Сәдуақасова күйеуімен ажырасып кеткенін растады Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы басталды «Мұғалім жертөлеге қамап, ұрып-соқты»: Шымкентте колледжде қылмыстық іс қозғалды Борышкерлер букмекерден қаржысын қайтара ала ма? «Зәкең үшін ешбір арна қабылдамады»: Мақпал Жүнісова 30 жыл бұрын шықпай қалған фильмді көрсетті Балалар үйі зорлықтың «алаңына» айналған ба? Майлыбек атты итінің төрт жасын дүбірлетіп атап өткен алматылық сынға ұшырады Диқандар делдалдарға «жем» болмайды Ақтөбеде мектеп оқушысын қатарластары пышақтап тастады Қазақстанның алты құндылығы: MNU білім алушылары студенттер қатарына қабылдау рәсімінде ұлттық бағдарларды таныстырды