"Қалай болса, солай жеңіл жүріске салынып": қыздарға ақыл айтқан әнші қызу талқыланды

Аиса Махамбет Редактор
13.01.2024, 12:29
1710
"Қалай болса, солай жеңіл жүріске салынып": қыздарға ақыл айтқан әнші қызу талқыланды жеке Instagram парақшасынан

Өнер иесі жан жарыңды таңдауда мұқият болу керектігін еске салды.

SmartNews басылымының хабарлауынша, отандық әнші Қарақат Әбілдина қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қатысты ойын айтып, бұл жерде қыз тәрбиесі де маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі жазды.

Өнер иесі жан жарыңды таңдауда мұқият болу керектігін еске салды.

Қоғамда әйелге қол көтеретін ер-азаматтарымыздың белең алып бара жатқаны жанға батады. Бәріміз де ұл-қыз өсіріп отырмыз. Өзімізді не күтіп тұрғанын білмейміз. Айрандай ұйып отырған отбасының шырқы бұзылып, балалар жетім қалып жатыр. Әрине, жанға бататын дүниелер. Осы келеңсіз оқиғаларды болдырмау екі жасқа тікелей байланысты. Өмірлік серігіңді таңдаған кезде сен оның тегі кім, қай жақтан екенін зерделеп, біраз жүріп, көзіңді жеткізіп, жақсылап тануың керек. Содан кейін ең әуелі адам өзінің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Шалыс қадам баспас үшін қыз болып жүрген кездің өзінде шошаңдамай жүруі керек. Қалай болса, солай жеңіл жүріске салынып, от басып қалып жатады. Сондай жағдайдың салдары жақсы болмайды. Сондықтан да «қызға қырық үйден тыю» деп қазақ бекер айтпаған, – деп пікір білдірді әнші.

Қарақат Әбілдинаның бұл сөздері көпшілік арасында қызу талқыға түсті. Желі қолданушыларың біразы қоштаса, екінші тарап қарсы шыққан. Олардың сөзінше, адамның аласы ішінде, сондықтан оны толықтай зерттеу мүмкін емес.

Әнші ойын адал махаббатқа құрылған неке ғана шаңырақтың шайқалуынан сақтайды деп жалғастырды.

Әйел – үйдің берекесі мен шығары. Көп нәрсе айналып келгенде әйел затына байланысты. Өйткені әйелдің арқасындағы жауапкершіліктің жүгі ауыр. Қалай айтсаңыз да ол – шындық. Отбасылық қарым-қатынас, бала тәрбиесі, үйдегі тіршіліктің барлығы әйелден сұралады. Бала сабақты жақсы оқымай жатса да анасы жауапты. Сондықтан да қыздарға, сіңлілеріме от баспау үшін, өкінбестей өмір сүру үшін кішкене өз болашақтарыңызға, өмірлеріңізге абайлап қадам басыңыздар деп айтқым келеді. Адал таза махаббатпен қосылған екі адам қанша жерден, қандай жағдай болмасын бір-біріне мейірімді, қайырымды, кешірімді болады, – дегенді алға тартты ол.
«Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген