"Махрге менен умра сұрашы": екі рет ажырасқан Жахан қайта үйленуге дайын екенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
13.01.2024, 18:20
6484
"Махрге менен умра сұрашы": екі рет ажырасқан Жахан қайта үйленуге дайын екенін айтты жеке Instagram парақшасынан

Әзілкеш актер жаңа өмір бастамақ.

Smart News басылымының хабарлауынша, екі некесі сәтсіз аяқталған актер Жахан Отарғалиев Меккеге қажылыққа аттанды. Өнер иесі қасиетті мекенге барып, мұсылмандық парызды орындау күйзелісте жүргендер үшін таптырмас мүмкіндік екенін айтты. Бұл туралы аikyn.kz жазды.

Жахан Отарғалиев қажылыққа ұшып кеткенін Instagram желісінде хабарлады. Әзілкеш Медина қаласынан видео жариялап, оқырмандарына сәлем жолдады. Ол күйзелісте жүрген жандарға міндетті түрде қасиетті мекенге келуге кеңес берді.

"Жүректің тыныштығы үшін аса ерекше әрі керемет жер. Әсіресе стрессте, күйзелісте жүрген адамдар болса, сіздерге таптырмас лайфхак. Міндетті түрде осы жаққа келіп, зәм-зәм ішіп, пайғамбарымыздың мешітінде намаз оқып кетіңіздер. Сол кезде жүректің тыныштығын ерекше сезінесіздер", – деді актер.

Сонымен қатар өнер иесі болашақ келіншегіне үндеу жолдап, өзінен мәһірге умраға жолдама сұрауды өтінді.

"Армандауға болатын шығар? Бұйыртса, үйленгеннен кейін бірден келерміз. Болашақ менің келіншегім, егер дәл қазір осы видеоны көріп отырсаң, мәһірге менен умраға жолдама сұрашы. Өкінбейсің. Егер келген болсаң, тағы келуге тырысасың. Қалған заттардың барлығы болады", – деді Жахан Отарғалиев. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды