«Милары фарш боп кеткен»: «Өнер қырандары» театрының басшысын көпшілік сынға алды

Аиса Махамбет Редактор
13.01.2024, 18:52
5390
«Милары фарш боп кеткен»: «Өнер қырандары» театрының басшысын көпшілік сынға алды collage smartnews.kz

«Болашақ ұрпақты мәңгүрт етуге үлестерін қосып жатыр»

«Өнер қырандары» театрының басшысы Мадияр Серікбаев «Дәстүр» подкастына сұхбат беріп, көпшіліктің сынына ұшырады.

«Жаңа жыл кезінде «Шыршаны неге айналмаймыз» деген дау бар ғой. Бала кезімізден бізге үлкендер «Жүгірме, айналма» деп айтатын, естеріңізде ме? «Үйді айналма, айналма» деп отырады да, ең жақсы көретін адамына «Айналайын» деп айтады. Бізде нені айналуға рұқсат етілген? Қағбаны ғана айналуға рұқсат. Яғни «айналайын» деген сөз «сені Қағбадай жақсы көрем» дегенді білдіріп тұр. Ал қазақтың «Алақай» деген сөзі «Алла тірі» деген мағынаны білдіреді» деді Мадияр Серікбаев.

Ал «Фейсбук» желісінің белсендісі, блогер Мәлік Орақов бұл пікірмен келіспейтінін айтып, жазба жариялады.

«Өнер қыртпалары кәдімгідей дәлелдеп, адамдардың миын улап отыр. Бұларға тоқтау бар ма? Жоқ әлде осылай қазақтың бар дүниесін дінге, арабқа апарып тели бере ме? «Бірнеше рет қайталанған өтірік шындыққа айналады» демекші, болашақ ұрпақ түгел мәңгүрт болып шығатын болды» деді ол. 

Мәлік Орақовтың бұл жазбасына басқалар да өз пікірлерін білдірді.

«Мыналарға тоқтау бола ма? Қандай дәлелге сүйеніп отырғанын айтсын! Өтірікті шындай айта салады екен. Мүфтият қайда қарап отыр?», «Көрінген адам өзін ғұлама санап, қазақтың сөзіне талдау жасайтын болып алды», «Бұларға жаза қолданбаса болмайды», «Бұлардың миы фарш боп кеткен екен», «Алақайыңыз Алла хай, бәрекелдіңіз Бәрәкаллаһ сөзінен шыққанымен келісейік. Бірақ «айналайынның» қағбаға түк қатысы жоқ» деп жазды желі қолданушылары.

сурет: жеке Facebook парақшасынан

 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды