ШҚО-да есірткінің 1,5 мың рет қолдану дозасын өткізбек болған жасырын қойып кетуші ұсталды

15.01.2024, 20:35
824
ШҚО-да есірткінің 1,5 мың рет қолдану дозасын өткізбек болған жасырын қойып кетуші ұсталды polisia.kz

Қаскөй жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұсталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Тінту барысында 23 жастағы ер адамнан салмағы 547,48 грамм α-PVP психотроптық заты табылып, тәркіленді, бұл 1500 рет қолдану дозасынан асады. Жас жігіттің бұған дейін еш жерде жұмыс істемегені, оның негізгі табыс көзі тыйым салынған заттарды “жеткізу” екені анықталды.

Жасырын қойып кетуші есірткіні мессенджер арнасы арқылы таратқан. Екі тарап та жасырын қалған. Сотқа дейінгі тексеру материалдарына дәлел ретінде күдіктінің смартфоны тіркелді, онда синтетикалық заттардың жасырын орнының фотосуреттері мен қойып кетулер туралы жазбалар болған.

"Тәркіленген заттың қара нарықтағы құны 27 млн теңгеден асады. Аса ірі мөлшердегі есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу, жөнелту мақсатында оларды заңсыз сатып алу, сақтау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. 

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды, оны 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды