Йемендік хуситтер АҚШ кемесіне зымыранмен шабуылдады

Аиса Махамбет Редактор
19.01.2024, 15:31
770
Йемендік хуситтер АҚШ кемесіне зымыранмен шабуылдады ашық дереккөзден

«Ансар Алла» бүлікшіл қозғалысы АҚШ кемесіне соққы жасады.

Smart News басылымының хабарлауынша, Йемендік хуситтер Аден шығанағындағы американдық Chem Ranger кемесіне зымыран шабуылын жасады. Бұл туралы «Ансар Алла» бүлікшіл қозғалысының әскери өкілі Яхья Сария мәлімдеді.

«Йемен әскери-теңіз күштері американдық Chem Ranger кемесіне Аден шығанағында бірнеше кемеге қарсы зымырандар шабуыл жасаған операция жасады», — деді Сария Хуситтерге тиесілі Al Masirah телеарнасының эфирінде.

Қозғалыс өкілі хуситтер кемеге тікелей соққы бергенін айтады. Ол сондай-ақ шабуыл АҚШ пен Ұлыбританияның Йемен аумағындағы «Ансар Алла» нысандарына соққыларына жауап ретінде жасалғанын атап өтті.

АҚШ Йемендік Хуситтердің Аден шығанағындағы американдық Chem Ranger кемесіне зымыран соққанын растады. Бұл туралы бейсенбіде АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы хабарлады.

«18 қаңтарда хуситтер Chem Ranger кемесінде екі кемеге қарсы баллистикалық зымыранды ұшырды», — делінген АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетсек, АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге шабуыл жасаған еді. Сана қаласының бірнеше ауданы мен Ходейда провинциясында қуатты жарылыстар болған. АҚШ президенті Джо Байден журналистерге берген сұхбатында хуситтерді «террористік ұйым» деп атап, Қызыл теңізге шабуылды тоқтатпаса, Пентагон да қарап қалмайтынын хабарлаған болатын. Өз кезегінде хуситтер де палестиналықтарды қолдау мақсатында әрекет етіп жатқанын және АҚШ пен Ұлыбританияның соққысына міндетті түрде жауап беретінін мәлімдеді. 

Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек?