«Енді қайталамаймын»: танымал актриса әлеуметтік желідегі видеосы үшін жазаланды

Аиса Махамбет Редактор
19.01.2024, 18:21
3180
«Енді қайталамаймын»: танымал актриса әлеуметтік желідегі видеосы үшін жазаланды жеке Instagram парақшасынан

«Командама сабақ болды» дейді актриса.

Smart News басылымының хабарлауынша, Алматы қалалық полиция Департаменті, 16 қаңтарда әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында «Hongqi» маркалы көлігінің жүргізушісінің Жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтаған.

«Құқық бұзушыға қауіпсіздік белдіктерін пайдалану және көлік құралын міндетті сақтандыру шартынсыз жүргізу ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, жүргізушімен алдағы уақытта ЖҚЕ бұзбау жөнінде құқықтық түсіндірме әңгіме жүргізілді», - делінген департамент хабарламасында.

Мұндай хабарды көрген желі қолданушылары рөлдегі адамның актриса Құралай Анарбековаға қатты ұқсайтынын байқаған. Бұған актриса былай деп жауап қайтарды:

«Бұл оқиғаның болғаны рас. Түсірілімге бола рөлге 15 секунд отырдым. Видеоны әлеуметтік желіге салған мен емес едім, қазір бұл видео жоғалып кетті. Мен көлік жүргізбеймін, жүргізушім бар. Рөлге отырғаннан кейін, қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытып кетіппін. Айыппұлды төледім.

Көліктің иесі – өзім. Бірақ оны сирек жүргіземін. Бұл оқиға менің командама сабақ болды. Мен заңды бұзбаймын. Біздің органдардың қалай жұмыс істейтінін көріп, риза болдым. Енді қайталамаймын. Бағдаршамға бағынып, белдікті тағып, жол ережесін сақтап жүріңіздер», – деді Құралай Анарбекова. 

«Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген