«Сиыр сауып, қой бақтым»: актер Дәурен Серғазин балалық шағы қалай өткенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
20.01.2024, 13:26
2313
«Сиыр сауып, қой бақтым»: актер Дәурен Серғазин балалық шағы қалай өткенін айтты видеодан алынған кадр

«Еш намыстанбаймын» дейді актер.

Smart News басылымының хабарлауынша, отандық танымал актер Дәурен Серғазин «Время» басылымына ашыла сұхбат беріп, балалық шағын еске алды. Өнер иесі ауылда туып өскеніне еш намыстанбайтынын айтып, кішкентай кезінде басынан өткен қызықтарды ақтарды. Бұл туралы nur.kz жазды.

Дәурен Серғазин Теміртау қаласында дүниеге келсе де, өзін "жетісулық" санайтынын айтты.

«Өзімді жетісулықпын деп атаймын. Әкем пен аталарым Талдықорған маңындағы Қапал ауылынан. Мен Теміртауда дүниеге келдім. Сосын әкем еліне оралды. Балалық шағым, мектеп кезім сол жерде ауылда өтті. Мен ауылда өскен жігітпін. Оған еш намыстанбаймын. Бала күнімде қой бағып, анама көмектесіп, сиыр сауған кезім де болды», - деді актер. 

Сонымен қатар өнер иесі өз жанұясы жайлы жан сырын ақтарды. Серғазин келіншегі мен қызын желіде неге көп көрсете бермейтінін түсіндірді.

«Менің бақытым тыныштықты қалайды. Бар болғаны сол. Бұл менің жеке өмірім, оны барынша қорғауға тырысамын. Өмірімнің бұл бөлшегін халық назарына ұсынғым келмейді. Көпшілікке көрсету жаман деуден аулақпын. Әркімнің өз таңдауы бар. Менің келіншегім үйде отырмайды. Ол мен сияқты өнер адамы, актриса. Екеуіміз бір театрда қызмет етеміз. Бар уақытты бірге өткіземіз десем де болады. Тәулік бойы бірге болған да қиын. Бірақ махаббат бар жерде бәрін еңсеруге болады», - деді ол.

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)